Последнее обновление

(Время обновление 1 день назад)
Ресей Қазақстанда орыс тілін жаңа тәсілмен насихаттамақ

Ресей Қазақстанда орыс тілін насихаттаудың жаңа жолдарын іздеп жатыр. Бұл бастама ТМД елдерінде жүзеге асырылмақ. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйым құруды қолға алды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа ұйымның мақсаты

«Ұлттық акцент» порталының мәліметінше, бұл ұйымның басты мақсаты – орыс тілін шетелде қолдау және насихаттау. Ресейдің атынан бұл ұйымды Сыртқы істер министрі Сергей Лавров басқарады. Бұл бастама 2023 жылы Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында келісілген болатын.

«ТМД аумағында орыс тілін сақтау және дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Бұл тіл – халықаралық қарым-қатынас құралы, әлемдік мәдениет пен әдебиеттің, ғылым мен білімнің қазынасына жол ашатын «кілт» болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда Халықаралық орыс тілі ұйымы маңызды рөл атқарады», – деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Контекст

Шымбұлақ тау шаңғысы курортында болған оқиғадан кейін кейбір ресейлік БАҚ Қазақстанда «тіл патрульдерінің» белсенділігі артты деп жазуда.

Новости

Реклама