Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Ресейде жаппай төбелесден кейін қазақстандықтар ұсталды

Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга порты маңында жаппай төбелес болып, оның салдарынан ондаған қазақстандық азамат ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеода жастар тобының айтысып, төбелесіп жатқаны көрінеді. Кейіннен, көк түсті автокөлік жоғары жылдамдықпен топтың үстіне қарай ұмтылып, адамдарды таратуға кіріскен. Тіпті, атыс дыбысы да естіледі.

Төбелес кезінде бірнеше адамды күшпен көліктерге отырғызып, алып кеткен. Видеоны түсірген әйелдің айтуынша, қазақстандықтарға интернет пен байланыс жоқ, олар елшілікке хабарласа алмай қиналған.

ҚР СІМ-нің реакциясы

Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы аталған оқиға бойынша ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді. Алдын ала деректер бойынша, төбелес қатысушылары мән-жайды анықтау үшін құқық қорғау органдарымен ұсталған. Ресейдің тиісті органдары мен компания басшылығына ресми сауалдар жолданды.

Дипломаттар қазақстандықтардың нақты саны мен олардың құқықтық мәртебесін анықтау үшін Ресей Ішкі істер министрлігімен байланыста.

Новости

Реклама