tengrinews.kz
- 07 мар. 2026 20:00
- 27
Ресейлік актриса жол апатынан қайтыс болды
Белгілі ресейлік актриса Екатерина Ведунова мен оның 15 жастағы қызы жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 4 наурызда Мордовия облысындағы М-5 «Урал» тас жолында болған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апатқа Renault Fluence көлігінің қарсы жолаққа шығып кетуі себеп болған. Көлік «Луидор» автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 45 жастағы актриса мен оның қызы оқиға орнында жан тапсырды. Көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді.
Екатерина Ведунова «Универ. Жаңа жатақхана», «Склифосовский», «СашаТаня», «Тамаша бестік» және «Чернобыль» сияқты танымал сериалдарда эпизодтық рөлдерді сомдаған.
Әріптестері мен достары актрисаны өзінің кәсібін шын жүректен сүйген, жарқын және өмірге құштар адам ретінде еске алады.