Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Зеленский Путин келмеген соң Ыстамбұлдағы келіссөздерге қатыспайды

 

Украина президенті Владимир Зеленский Ыстамбұлда өтетін келіссөздерге қатысудан бас тартты. Оның айтуынша, бұл шешімді Ресей президенті Владимир Путин кездесуге келмегені үшін қабылдаған.

Келіссөздерге Украина атынан Қорғаныс министрі Рустем Умеров бастаған делегация ғана қатысады. Зеленскийдің сөзінше, украин делегациясының Стамбулға сапары "Трамп пен Ердоғанға деген құрмет белгісі" ретінде жүзеге асады.

«Путинді қуалап, әлемді аралап жүре алмаймыз», – деп мәлімдеді Зеленский.

You Might Also Like

Новости

Реклама