Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Шавкат Рахмоновтың әйелі: «Балаларым маған анасымен бірдей керек болмай қалды»

Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде өзінің жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады. Ол спортшымен ажырасып кеткенін және оның балаларына деген көзқарасы туралы айтып, көпшілікті таң қалдырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Балалар анасына ғана керек»

Гүлайым Рахмонованың сөзінше, ажырасқаннан кейін балалар тек аналарына ғана керек болады. Ол күйеуінің өз балаларынан бас тартқанын айтып, қатты өкініш білдірді.

«Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты. Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін», - деп жазды Гүлайым Рахмонова.

Бұған дейінгі оқиғалар

Айта кетейік, Гүлайым Рахмонова бұған дейін адам өліміне әкелген жол апатына себепші болған еді. Бұл оқиға да қоғамда қызу талқыланған болатын.

Новости

Реклама