
- 22 мая 2025 17:19
- 20
Шерзат Болат сотында күліп бара жатқандардың видеосын таратқандар жазаланды
Шерзат Болат сотында күліп бара жатқандардың видеосын таратқандар жазаланды,деп жазады Инфохаб тілшісі.
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде күдіктілердің видеосының әлеуметтік желіге таралуына байланысты жауаптылар анықталып, жазаланды.
22 мамырдағы сот отырысында судья Ержан Жанұзақов сотталушылардың қарсы пікіріне қарамастан, тікелей эфирден тараған видеоға қатысты қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады.
Оның айтуынша, 29 сәуір күні өткен сот отырысының тікелей эфирі аяқталған соң, техникалық топ трансляцияны уақытында тоқтатпаған. Соның салдарынан күдіктілердің бейресми сәттері, яғни күліп, еркін жүріп бара жатқан сәттері эфирге шығып кеткен.
Нәтижесінде, техникалық қызметкерлер Рүстем Мұқсынов, Нәзира Оразәлиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жауапкершілікке тартылды.