
- 16 мая 2025 07:15
- 25
Шерзат ісі бойынша сотта не болды: адвокаттардың шағымы мен залдағы күлкі
Бүгін Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Жиын барысында бірнеше маңызды мәселе көтерілді:
- Судья блогерлерге ескерту жасады. Ол сот процесін әлеуметтік желіде сынағандарға қатысты алаңдаушылық білдірді.
- Күдікті Дархан Әскентайдың қорғаушысы фотосы желіде таралғанын айтып, шағымданды. Алайда судья 4 айыпталушы ғана суретінің жариялануына қарсы болғанын, Әскентайдың бұған қарсылық білдірмегенін нақтылады. Айыпталушы бұл деректі растады.
- Адвокаттар прокурорды айыптады. Олардың айтуынша, айыптау тарабы кейбір деректерді бұрмалап көрсетіп жатыр.
- Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді. Ол төбелестің басталуына жәбірленушілердің өзін кінәлады.
- Істі қайтару туралы өтініш қабылданбады. Адвокаттар істі прокуратураға қайта жолдауды сұрағанымен, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.
- Күлкі дау тудырды. Процесс барысында келушілердің бірі дауысын шығарып күлді. Прокурор ол адамды сот залынан шығаруды сұрады. Келуші "күлкілі болған соң күлдік" деп жауап берді. Судья оған тек ескерту жасаумен шектелді.