Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Шерзат ісі: Марқұмның әкесінің қолындағы пышақ сотта көрсетілді

 

Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың тергеу кезіндегі бейнежауабы жария етілді. Онда Нұрымов оқиға орнында «Қамажай» дүкенінен қандай пышақ алып шыққанын сипаттап берді. Оның сөзінше, қолындағы пышақ — басы дөңгелек, тұрмыстық мақсаттағы май мен нан кесетін асүй құралы болған.

— Бұл пышақты балаларды қорқыту үшін ғана алдым. Алғаш болып пышақпен қорқытқан — Нұрбол Тоқтаубаев еді. Оның қолында пышақ болған соң, мен де сондай пышақпен шықтым. Бірақ бұл сәт бейнежазбаға түспей қалған, — деді Қаржаубай Нұрымов.

Сараптама қорытындысы бойынша, көрсетілген пышақтың жалпы ұзындығы — 29 см, оның ішінде жүзі — 15 см, сабы да — 15 см. Алайда сотта айыпталушылардың бірі бейнежазбадағы сәтте Нұрымовтың қолында сары түсті басқа пышақ болғанын алға тартты. Бұл жайт жарыссөз кезеңінде қаралатын болады, — деп мәлімдеді судья.

You Might Also Like

Новости

Реклама