
- 22 мая 2025 12:39
- 21
Жасанды интеллект 800 миллионнан астам адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін — ХЕҰ
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше, жасанды интеллекттің жедел дамуы нәтижесінде 838 миллионға жуық жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін. Бұл — әлем бойынша еңбекке жарамды халықтың шамамен төрттен бір бөлігіне тең көрсеткіш.
Зерттеу авторларының айтуынша, ЖИ көптеген салаларда адамның атқаратын функцияларын ішінара немесе толықтай алмастыра алады. Бұл әсіресе Еуропа мен Орталық Азия елдерінде еңбек нарығына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
Сарапшылар кейбір салаларда жасанды интеллект жұмысшыны толығымен алмастырмаса да, бірқатар міндеттерді автоматтандырып, жұмыс күшіне деген сұранысты едәуір азайтатынын алға тартып отыр.