управление образования Шымкента
- 27 мая 2026 15:00
- 21
Шымкенттік мектеп-интернат тәрбиеленушісі әлемнің 74 университетінен шақырту алды
Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы Дастан Рахымберді әлемнің 12 елінен 74 университеттен шақырту алып, білім саласында жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дастан халықаралық SAT тестінен 1480 балл, IELTS сынағынан 7,0 балл жинаған. Ол бесінші сыныптан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Мектеп оқушысы республикалық астрофизика олимпиадасының жеңімпазы атанды, сондай-ақ «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауында үшінші орынды, Қазақстандағы алғашқы қаржылық сауаттылық олимпиадасында екінші орынды иеленді.
IT саласындағы жетістіктері
Дастан IT саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ол NASA ұйымдастырған байқауды қоса алғанда, 15-тен астам халықаралық және республикалық хакатондардың жүлдегері атанды.
Қоғамдық белсенділігі
Оқуымен қатар, Дастан қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Соңғы жылдары ол 40-тан астам ірі еріктілер жобалары мен әлеуметтік акцияларға қатысқан.