Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 27 мая 2026 08:31
- 201
Шымкенттік түлектер марқұм сыныптасының отбасына үй сыйлап, елді сүйсінтті
Түркістан облысының Арыс қаласындағы «Сәкен Сейфуллин» атындағы мектептің 20 жылдық түлектері өздерінің марқұм болған сыныптасының отбасына баспана сыйлады. Бұл игі іс желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жарияланған видеода түлектердің сыныптасының отбасына кілт табыстап жатқан сәті көрсетілген. Көпшілік бұл әрекетті жоғары бағалап, «Құтырып көкпар беріп, ұлан-асыр той жасағанша, мына бүлдіршіндерге үміт сыйлады. Машаллах, жасай беріңдер бауырлар!» деп пікір білдірді.
Түлектердің бұл игі бастамасы көпшіліктің ризашылығын тудырып, «Ең дұрыс іс жасадыңыздар» деген сияқты мақтау сөздерге ие болды.