Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 07 мар. 2026 15:30
- 28
«Тәкаппарлық па?» Жазира Байырбекова сынға жауап берді
Әнші Жазира Байырбекова Дубайдан елге оралғанда, әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді. Желі қолданушыларының бірі әншінің қарапайым халықпен бірге Қазақстан ұшағымен ұшпағанын «тәкаппарлық» деп бағалаған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншіге қатысты айтылған пікірде былай делінген: «Қарапайым халықпен келгіңіз келмеді ме? Барлығы келіп жатыр ғой Қазақстан ұшағымен. Сіздікі тәккәппарлық па?»
Жазира Байырбекованың жауабы
Жазира Байырбекова бұл сынға жауап беріп, шетелде жүргенде ұшақты таңдап міну әрдайым мүмкін бола бермейтінін айтты. «Ол жерде ұшақты таңдап отырмайсың. Отырғызса, қуана мінесің», – деп жауап қатты әнші.
Бұған дейін әнші шетелден елге аман-есен оралғанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған болатын.