Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 28 мар. 2026 06:30
- 27
«Тамадаға кеткен ақша – ысырап»: Жанболат пен Жазираның ұлы тойы сынға ілікті
Танымал отбасылық дуэт Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова тұңғыш ұлдарын үйлендіріп, 700 адамға арналған ауқымды той өткізді. Тойдың YouTube желісіндегі тікелей трансляциясын 450 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асабаның сөзі қоғамда пікірталас тудырды
Думанды кештің кейбір сәттері әлеуметтік желіде қызу талқыға айналды. Атап айтқанда, Threads желісінде @asiyashine_ есімді қолданушы жариялаған видеода той жүргізушісінің Жанболат Ербатыровтың анасы ортаға шыққанда айтқан сөзі көпшіліктің наразылығын тудырды. Асаба: “Музыканы ысырап қылмай-ақ қой, әжеміз бәрібір билемейді”, – деп айтқан.
Желі қолданушыларының пікірі
Бұл сөз әлеуметтік желідегілердің көңілінен шықпай, асабаның әдепсіздігі мен мәдениетсіздігін айыптады. Көпшілік үлкен кісілерге деген құрметті сақтау керектігін, той жүргізушілерінің әр сөзін ойланып айтуы қажеттігін алға тартты. Кейбір пікірлерде “Тамадалар мәдениеттен жұрдай”, “Осындай тамадаға кеткен ақша ысырап болды”, “Парасатсыз екен” деген сияқты бағалар берілді.
Алайда, кейбір қолданушылар бұл жағдайды аса үлкейтіп жіберудің қажеті жоқ екенін, асабаның сөзін сәтсіз қалжың ретінде қабылдауға болатынын айтып, тікелей эфирде эмоцияға беріліп айтылған сөздер болуы мүмкін деген пікір білдірді.