Последнее обновление

(Время обновление 1 день назад)
Танымал курорттарда қонақүйге тіркелу ережелері өзгерді: қазақстандықтарға не білу керек?

Қазақстандық саяхатшыларға танымал курорттарда қонақүйге тіркелу ережелері өзгергенін ескеру қажет. Кейбір елдерде тіркелу процесі жеңілдетілсе, кейбірінде жеке деректерді сақтау талаптары күшейтілді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дубай

Дубайдың туризм және экономика департаменті мәлімдегендей, енді қаладағы барлық қонақүйлерде байланыссыз тіркелу мүмкіндігі бар. Бұл жүйе биометриялық және цифрлық технологияларға негізделген.

"Бұл қызметтің енгізілуі Дубайдың инновациялық шешімдерді енгізуге және келушілердің саяхатын жеңілдетуге деген ұмтылысын көрсетеді", — деп хабарлады жергілікті үкімет.

Түркия

Түркияның жеке деректерді қорғау кеңесі 2025 жылдың желтоқсанынан бастап туристерден паспорт көшірмелерін талап етуді тоқтатты. Енді тек құжатты көрсету жеткілікті, барлық деректер автоматты түрде электронды жүйеге енгізіледі.

Испания

Испанияда 2025 жылдан бастап қонақүйлер мен апартаменттер қонақтардың паспорттары мен ID-карталарының көшірмелерін сақтауға тыйым салынды. Тек құжаттың түпнұсқасын көрсету қажет.

Ресей

2026 жылдың 1 наурызынан бастап Ресейде қонақүй қызметтерін көрсету ережелері жаңартылады. Енді қонақүйге жүргізуші куәлігімен тіркелуге болады, ал броньды заезд алдындағы күнге дейін айыппұлсыз жоюға мүмкіндік бар.

Саяхатшыларға әр елдің тіркелу ережелерін алдын ала біліп алу маңызды, бұл демалыста уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Новости

Реклама