Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Тәуелсіздік жолындағы мектеп тынысы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл мектептің жетістіктері

Елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеріп, жас ұрпақты тәрбиелеп келе жатқан киелі шаңырақтың бірі №3 жалпы білім беретін алтын ұя мектебіміз - 1991 жылы тәуелсіздіктің ақ таңын жоғары жетістіктерімен сапалы біліммен ерен еңбегімен қарсы алды. 80 жылдық тарихы бар осы мектепте еңбек еткен аудан, облыс көлемінде белгілі ұстаздар Демесінов Отарбай, Досмұқанов Мәтжан, Талысов Жұмағали, Қиықов Алаң, Жанаш Нұрмұқан, Қаржаубаев Биязбай, Сабырғалиев Есенбай, Есенғожина Роза, Боранқұлов Әбдірахман, Батырбаева Жібек, Жиенқұлов Есберген есімдері Атырау, Жылы ой энциклопедиясында жазылды. Мектеп шәкірттері ішінен Қаржаубаев Аманқос, Жәнетов Боранбай, Тілеужанов Мәтжан, Жанғабілов Жәдікбай сынды ғалымдар, Ақназаров Нұрдәулет, Сұлтанғалиев Қаржаубай сияқты белгілі журналистер шыққан.

1987-1992 жылдары мектеп дироекторы қызметін ҚР оқу ісі үздік қызметкері Ерғалиев Аязбай ағай басқару оқу ісі меңгерушісі Нұрған Зәмзәгүл. Бұл уақыттарда мектептерде халықаралық педагогика кеңінен насихатталып, үлкен жұмыстар атқарылды. Ата-анамен жұмыс кеңінен жүрді. Республикалық көлемде семинар өтіп, оған аудан, облыстың, мектеп директоры қатысып, семинар жоғарғы деңгейде өтті. Республика көлемінде «Тәуелсіздік құрдастары» шарасына біздің мектерте өз үлесін қосты. Қазиева Галя жетекші ететін сынып аудан шарасына қатысып, оқушылары жүлделі орын алса, шәкірті Талбаев Ерік бас жүлде алды. Осындай игі жұмыстарға мектебіміздегі ұстаздар Айғаным апай, Маржан апай, Ғалымжан ағай, Бекболат ағай, Қуанышқали ағай, Әлібек ағай, Қиықова Нұржамал апай, Үкиева Нұржамал апай, Жұмабике апай, Қымбат апай, Күләш апай, Зәмзәгүл апай, Күнзия апа, Жарасова Гүлназ апай, Жиенқұлов Есберген ағай тағы да басқалары өз үлестерін қосты.

Есберген ағай

1991 жылы – Жезқазғанда өткен ХХV республикалық педагогикалық жүлдегері болды.

1991 жылы маусымда «Лениншіл жас» газеті мектептердің игі істері туралы арнайы бет бұрды.

1991 жылы Кенжебекова Ақмарал 1991 жылы мектепті күміс медальмен бітірді.

1992-1996 жылы №3 орта мектеп директоры география пәнінің мұғалімі,интернат меңгерушісі қызметтерін атқарған Жиенқұлов Есберген директор болды. Оқу ісі меңгерушісі - Ғалымжан ағай мұнай мұнарасын жасап, республикалық көлемде – Қалым Досжан республикадан грамота алды. 2004 - жылы облыстық Құрмет грамотасын алды. Жас-техник байқауынан 2-орын алды. 2007 жылы аудандық Құрмет грамотасын алды.

Мектепте жоғарғы санатты география пәні мұғалімі, интернат меңгерушісі болған Жиенқұлов Есберген ағай мектеп директоры қызметін атқарды. 1995 жылы «Атырау облысының физикалық географиясы 8-класс оқулығының авторы атанды. «Қазақстан мектептері» республикалық журналдың штаттан тыс тілшісі, 24 әдістемелік мақаласы шықты. 1991-1993 жылы мектепті Берекетова Лира, Қалиева Айжан, Құлшариева Бибігүл үздік аттестатпен бітірді. Мектепте аға буындардың ізін басып бір топ жас шәкірттерге білім-тәрбие бері жұмыстарында ерекше көзге түсті. Олар Талбаев Аманқос ағай, Болған апай, Қалжан апай, Гүлнәа апай, Зайда апай, Күлән апай, Қайырлы апай, Нұрғаным апай, Айна апай.

1996-1998 жылы мектепті Нұрған Зәмзәгүл басқарды. 1980-1997 жылы А.А.Жданов атындағы орта мектепте аға пионер вожатый, оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарған жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі. Қазақстанның ЛКЖОО «Құрмет грамота», «Вожатый әдіскер атағын алды. Оқу ісі меңгерушісі Күләш апай болды. Мектепте игі шаралар көп болды. Соның бірі, 1998 жылы мектептің 80-жылдығы тойланды. Мектепте өткізілген шараға аудан, облыс, республика көлемінде қонақтар қатысты. Мектепте жасалған жұмыстарға жоғарғы баға берілді. Бұл жиында Күләш апай баяндама жасады. Ерекше жетістіктері мен білім саласына қосқан үлесі үшін Республикалық «Құрмет грамотасын» Қуанышқали ағай мен Үкиева Нұржамал апай алса, 1997 жылы облыстың Құрмет грамотасын Талбаев Аманқос ағай мен Сұлтанғалиев Ғалымжан ағай алды. 1998 жылы облыстың Құрмет грамотасын Айтқалиева Гүлнәр апай алды.

1996-1997 жылы –Рахимова Гүлнәр, Қоскиева Гүлсім, Бекмағанбетова Гүлназ мектепті үздік аттестатпен бітірді. 1997-1998 жылдары Құлшариев Мейрамбек, Жақашов Жігер, Ізтілеуов Қайсар мектепті үздік аттестатпен бітірді.

1998-2003 жылы мектеп директоры І санатты тарих пәнінің мұғалімі Шыбықов Жұмабай басқарды.

2002-2003 жылғы оқу жылдарында мектепте 700 оқушы білім алып, 70 мұғалім (3 жоғарғы, 15 - І санат 4 - халықаралық ағарту ісі үздіктері) дәріс берді. Көптеген ұстаздар түрлі шараларға қатысты, жүлделі орындар алды. Мектепте аудан, облыс көлемінде семинарлар өтті. Ұстаздар: Жанар апай, Ұлмекен апай, Орынша апай,Жұлдыз апай, Дидар апай, Гүлназ апай, Зәуреш апай, Гүлмира апай, Ләззат апай, Айша апай, Майра апай

2000-2001 жылы мектепті Жұмекенова Фарида үздік аттестатпен бітірсе, 2001-2002жылы Нұғыманова Зәмзә үздік аттестатпен бітірді. Ахметова Асыл, Ысқақова, Рахимова Гүлнәр, Төленова жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанды.

Жиенқұлов Тұрар  2002-2003 жылы облыстық ғылыми жобадан - 1-орын

2003-2014 жылы мектеп директоры Жұмағалиева Гүлжан Тұрымқызы болды. 2000 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2006-2007 жылы Жылыой ауданы алғыс хатымен, 2006 жылы Жылыой ауданы білім бөлімі «Құрмет грамоты», 2010 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен, 2010 жылы - Атырау облысы кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың Құрмет грамотасымен марапатталды. Көптеген ұстаздарымыз жемісті еңбек етіп, олимпиададан, ҰБТ-ден жоғарғы нәтиже көрсетті. Махамбет-200 жылдығында өткен облыстық сабақтан Бейсова Майраның сабағы жинаққа кірді. ҰБТ жетістігі үшін Айтқалиева Гүлнәр облыстың Құрмет грамотасын алды. «Жас техник» байқауынан Ғалымжан ағайдың шәкірті ауданнан, облыстан бірнеше жыл қатарынан орын алып, ағай аудан, облыс Құрмет грамотасын алды.

2010жылы - Жиенқұлов Есберген ағай 11 облыстық педагогикалық  оқудан -1 орын алды. Атырау облысы кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталып, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды.

Жұмашева Гүлжан Тұрымқызы – Атырау педагогикалық институтының биология пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 2003 жылдан 2015-ға дейін мектеп директоры болып қызмет атқарып келді.

Тоқсанбаева Кулайым


You Might Also Like

Новости

Реклама