kaztag.kz
- 26 мая 2026 04:30
- 21
Telegram арнасының әкімшілеріне ұзақ мерзімге сот кесілді
Астана соты Telegram-дағы «QirSabyn» арнасының әкімшілерін бопсамен айналысқаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот үкімі
Сот үкімімен Р.Ә. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша (алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, аса ірі мөлшерде жасалған бопсалау) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, алты жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Р.Т. есімді азамат та осы бап бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Істің мән-жайы
Бұл іс жабық режимде қаралды. Соттың хабарлауынша, үкім әлі заңды күшіне енбеген және апелляциялық сатыда қаралуда.
Бұған дейін, 2024 жылдың 20 желтоқсанында Бас прокуратура «QirSabyn» Telegram арнасы арқылы жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, ақша бопсалаған топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.