Photo: iMin Technology (https://www.pexels.com/@imin-technology-276315592) / Pexels
- 04 июн. 2026 02:30
- 24
Temu мен Pinduoduo-дан алған тауарды жаңа заңнан кейін қалай қайтаруға болады?
Шетелдік интернет-дүкендерден 200 еуродан астам сомаға тауар сатып алған қазақстандықтар енді сапасыз немесе ақауы бар заттарды қайтарып, оған төлеген кедендік баж бен тауардың құнын қайтарып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс отырысында депутат Бауыржан Смағұлов вице-министрге тауарды және кедендік бажды қайтару тәртібін сұраған болатын. Оның айтуынша, электронды сауда операторы арқылы 200 еуродан асатын тауарға жеке тұлға кедендік баж төлейді. Алайда, тауар сапасыз болып шықса, оны сатушыға қайтару қажеттілігі туындауы мүмкін.
Электронды сауда операторларының жауапкершілігі
Депутат сондай-ақ, электронды сауда операторларының («Қазпошта» және DHL Kazakhstan) жауапкершілігі және кедендік баждың қайтарылуы туралы сұрады. Азамат Амрин тауардың сапасы әрқашан стандартқа сай бола бермейтінін растап, оператордың тауарды сақтау мен қайтаруға жауапты екенін айтты. Алайда, бұл жауапкершілік сауда алаңының ережелеріне байланысты болады. Оператор тек жеткізуші рөлін атқарады, ал тауар сауда алаңында сатылады, сондықтан қайтару мүмкіндігі сол сайттың шарттарында көрсетіледі.
Бүгінгі таңда жеке тұлғалар мұндай тауарды сатып алған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін қайтару құқығына ие. Төленген кедендік баж сомасын, тіпті қажет болған жағдайда тауардың өзін де қайтару жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жаңа заңнама және тауарларды декларациялау
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Кедендік реттеу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы электронды сауданы бөлек санатқа бөліп, e-commerce операторы ұғымын енгізеді. Бұл рөлді «Қазпошта» және DHL Kazakhstan атқарады. Олар қазақстандықтардың интернеттен сатып алған тауарларының логистикасымен, сондай-ақ онлайн-платформалармен және кеденмен өзара іс-қимылмен айналысады.
Жаңа заң бойынша, қазақстандықтар шетелдік интернет-алаңдардан сатып алған барлық тауарларын декларациялауы тиіс. Бұрын декларация тек 200 еуро немесе 31 келі шегінен асып кеткен жағдайда ғана талап етілетін.
Кедендік бақылау комитетінің кедендік әдістеме басқармасының басшысы Болат Ибрагимов бұрын операторлар жеке тұлғалар үшін декларацияны тегін толтыратынын, бірақ бұл қызмет ақылы болуы мүмкін екенін айтқан. 200 еуродан жоғары тауарлар үшін декларация толтыру құны шамамен 4-5 мың теңге болады деп жоспарлануда.
Тауарлар қымбаттай ма?
Салық кеңесшісі Раушан Тасшоинованың айтуынша, 1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелден әкелінетін тауарларға кедендік бажды есептеу тәртібі өзгереді. Бұрын баж тек 200 еуро лимитінен асқан сомаға ғана есептелсе, енді ол тапсырыстың жалпы құнына қолданылады, ал 31 келілік салмақ шегі алынып тасталады.
Сатып алу құны 200 еуродан жоғары болған жағдайда, 5% (бірақ 1 кг үшін кемінде 1 еуро) бірыңғай кедендік төлем және 16% қосылған құн салығы (ҚҚС) қолданылады. Мысалы, 400 еуролық тауар үшін бұрын 200 еуроға 15% баж төленсе, енді 5% (20 еуро) және 16% ҚҚС (420 еуроға 67,2 еуро) қосылып, жалпы 87,2 еуро төленуі тиіс.
-
Торжество дочери известного казахстанского бизнесмена Мухтара Джакишева, Алтынай, с иностранным гражданином привлекло внимание пользователей социальных сетей.