depositphotos.com
- 20 февр. 2026 17:00
- 19
Теңге құны құбылмалы: Доллар бағамы күрт өсті
Бүгін, 20 ақпан күні Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы айтарлықтай өсті. Күндізгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 494,66 теңгеге жетіп, 4,89 теңгеге қымбаттады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің ресми бағамы
Қазақстан Ұлттық банкі 20 ақпанға белгілеген ресми бағам бойынша, бір доллар 489,17 теңге болып бекітілді. Дегенмен, биржадағы сауда нәтижесі бұл көрсеткіштен жоғары болды.
Айырбастау пункттеріндегі жағдай
kurs.kz сайтының мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы келесідей:
Алматыдағы айырбастау пункттері
Астанадағы айырбастау пункттері
Ұлттық банктің бұрынғы шешімдері
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл шара инфляциялық қысымды тежеп, бағаның өсуін бәсеңдетуге бағытталған. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл мөлшерлеме алдағы алты айда өзгеріссіз қалуы мүмкін. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатайтуға дайын екенін мәлімдеген.