
- 29 мая 2025 12:38
- 38
Тоқаев: Әсіреұлтшылдыққа жол жоқ, өзге ұлттарды құрметтеу маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет тіл мәселесіне тоқталып, әсіреұлтшылдыққа қарсы үн қатты. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге шақырып, олардың ана тілінде сөйлеуге толық құқығы бар екенін атап өтті.
Тоқаевтың айтуынша, қандай да бір ұлттың тарихы мен мәдени дәстүрін менсінбеушілікке жол берілмейді. "Аз санды этностардың өз ана тілінде сөйлеп, төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарауымыз керек", – деді ол.
Президент бұл ұстанымның елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін маңызды екенін еске салды.