Последнее обновление

(Время обновление 1 день назад)
Тоқаев пен Италия Премьер-министрі Мелони кездесті: “Қазақстан – Еуропаның маңызды серіктесі”

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италияның Премьер-министрі Джорджа Мелони елордада кездесті. Құрметті мейманды әуежайда салтанатты түрде қарсы алған Қазақстан Президенті Италияны Еуропадағы жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретінде атады.

Тоқаев:

"Италия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік тұрақты дамып келеді", – деді.

Mелони:

"Бұл кездесу – Қазақстанмен және жалпы өңірмен қарым-қатынастағы тарихи сәт. Біз ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға дайынбыз", – деп атап өтті.

Кездесу аясында сауда, инвестиция, энергетика және көлік-логистика салаларындағы серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланды.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама