tengrinews.kz
- 30 мая 2026 03:30
- 31
Тоқаев Ресей президентін Астана әуежайынан шығарып салды
Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары аяқталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапарымен келген ресейлік әріптесін Астана әуежайынан өзі шығарып салды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапардың қорытындысы
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Путиннің Қазақстанға сапары 27 мамырда Тоқаевтың шақыруымен басталған болатын. Келіссөздер барысында екі ел президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастарды нығайтудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, екі ел басшылары достық және тату көршілік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Еуразиялық экономикалық одақ отырыстары
28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтті. Одан кейін, 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы болып өтті.