Последнее обновление

(Время обновление 3 минуты назад)
Тоқаев Ұлттық кітап күнімен құттықтап, арнаулы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кітаптың мәңгілік құндылығы

Президент өз құттықтауында қазіргі таңда баспа саласында елеулі өзгерістер жүріп жатқанын атап өтті. Алайда, кітаптың рухани және адами құндылықтардың басты қайнар көзі ретіндегі маңызы ешқашан төмендемейтінін жеткізді.

«Соған қарамастан кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ, жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс екенін баса айтты.

Оқу мәдениетін дамытуға арналған Жарлық

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін дамытуға бағытталған арнайы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Новости

Реклама