Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары жаңа пікір білдірді

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева, күйеуінің екінші әйел алуға деген көзқарасы туралы сұраққа жауап беріп, жұртшылықтың қызу талқылауына себеп болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Пешенеге жазылғанын көреді»

Динара Майғазиеваға «Сәкен ағаның екінші әйел алуына қалай қарайсыз?» деген сауал қойылғанда, ол былай деп жауап берді: «Ол негізі екі жақтан да емес, пешенесіне байланысты. Үлкен кісілер пешенеге байланысты деп айтып отырады ғой. Алла жазса әйел адам қалай ма қаламай ма бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желіде көп смайлик қолдануының себебін түсіндіріп, оның еліне деген махаббаты мен ізгі ниетін білдіретінін айтты.

Оқырмандар пікірі

Динара Майғазиеваның бұл жауабы көпшіліктің түрлі пікір білдіруіне себеп болды. Кейбір оқырмандар оның мәдениеттілігін жоғары бағаласа, енді біреулері бұл сөздердің астарында басқа мағына жатқанын сезді. «Күлкісімен осыдан алып көрсін деді ғой», «Енді осыдан соң пешенеме жазылған екен деп екінші әйел алып кетпесін», «Абайлап сөйлеу керек ау менен ешқайда кетпейді дегендерде кетіп қалдығой» деген сияқты пікірлер жазылды.

Новости

Реклама