Photo: Engin Akyurt (https://www.pexels.com/@enginakyurt) / Pexels
- 14 февр. 2026 09:31
- 17
Төреғали Төреәлінің қарындасы: Күйеуім тамаққа қатты мән береді
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі күйеуінің тамаққа қатты мән беретінін айтып, әлеуметтік желідегі оқырмандарын ойландырды.
Динаның айтуынша, бірде күйеуі кешегі қалған тамақты жылытып бергенде, оған ренішін білдірген. Бастапқыда бұл жағдай Динаның көңіліне тигенімен, кейін отбасылық түсіністікке келіп, жағдайды қалыпты қабылдаған.
«Менің күйеуім тамаққа қатты мән береді. Кешегі тамақты жылытып бергенімізге, «Неше адам болып тамақ жасай алмадыңдар ма?» деп сөйледі. Басында берген тамақты жей бермей ме деген реніш болды. Кейін күйеуім болған соң көндім. Тамақты желініп қалатындай күн сайын істеуге болады», - деп бөлісті Дина Төреәлі.
Айта кетейік, Дина Төреәлі жуырда үшінші перзентін, қыз баласын дүниеге әкелген болатын.