Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
Төрт ұлынан кейін Әбілмансұр Серіков қызын құшағына алды

Танымал қазақстандық актер Әбілмансұр Серіков әке атанғанын жариялады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары мен жаңа туған қызын перзентханадан шығарып алу сәтінен видео жариялап, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Көптен күткен кездесу”, – деп жазды актер.

Алайда, желі қолданушылары бұл жаңалықтың жақында болмағанын, бұған дейін де осындай жағдайдың орын алғанын айтып, түрлі пікірлер қалдырды. Кейбірі ерлі-зайыптыларды сәбилерімен бұрыннан көргендерін жазса, енді бірі “Кеше ғана гендер-пати жасаған еді” деп таңданыс білдірді. Пікірлердің ішінде “Бәрі өте жылдам болып кеткен” дегендер де болды.

Айта кетейік, жас жұбайлар 2 мамыр күні болашақ сәбидің жынысын анықтау рәсімін өткізген болатын.

Новости

Реклама