Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
Трамп: Иран ядролық қаруды иеленуге немесе дамытуға тиіс емес

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан халықаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады. Ол екіжақты құжатқа қол қойылғанға дейін Иранға бағытталған шектеулер мен блокада шаралары өзгеріссіз қалатынын нақтылады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келіссөздерге асықпау керек

Жеке парақшасында жазба жариялаған Трамп, қазіргі уақытта процесс сындарлы сипатта өтіп жатқанын, алайда Вашингтон бұл мәселеде асығыстық танытпайтынын жеткізді. Ол өз өкілдеріне келісімшарт жасасуға асықпауды тапсырғанын айтты. «Уақыт біздің пайдамызда. Келісімге қол жеткізіліп, мақұлданып, қол қойылғанға дейін блокада толық күшінде қалады. Екі тарап та асықпай, бәрін дұрыс істеуі керек. Ешқандай қателікке жол берілмеуі тиіс», - деп жазды АҚШ басшысы.

Бұрынғы келісімді сынға алды

Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың тұсында қабылданған ядролық мәмілені қатаң сынға алып, оны «еліміз жасасқан ең нашар мәмілелердің бірі» деп атады. Оның айтуынша, бұл келісім Иранға ядролық қару жасауға тікелей жол ашқан.

Тегеранға ескерту

Ақ үй басшысы ресми Тегеранға ескерту жасап, Иранның ядролық қаруды дамыта да, иелене де алмайтынын түсінуі керектігін баса айтты. «Біздің Иранмен қарым-қатынасымыз кәсіби әрі нәтижелі бола түсуде. Дегенмен, олар ядролық қаруды дамыта да, иелене де алмайтынын түсінуі тиіс», - деді Трамп.

Новости

Реклама