Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Түркияда қазақстандық курьер атылып өлтірілді: күдіктілер ұсталды

Түркияның Стамбұл қаласында белгісіз адам қазақстандық азамат Ариф Исмаиловты атып өлтірді. Ол жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға кеше, жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30 шамасында болған. Ауыр жарақат алған Ариф Исмаилов ауруханада жан тапсырды.

Күдіктілер ұсталды

Стамбұл полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрондардың көмегімен оларды да тапқан. Олар Грузия азаматтары болып шықты және елден қашып кетпек болған.

Қылмыстың мән-жайы мен себептері әзірге хабарланған жоқ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдіру үшін байланысқа шықты.

Новости

Реклама