Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 26 мая 2026 02:30
- 28
Тұрсынбек пен Мөлдір қыздарының соңғы қоңырауына бірге барды: «Бақытқа бөледің»
Танымал әнші Мөлдір Мұқанова мен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Айымның мектеп бітіру кеші өтті. 11-сыныпты аяқтаған Айымның қуанышына ортақ болған ата-анасы оның жетістіктеріне ризашылығын білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мектеп бітіру кеші
Әнші Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында қызы Айымға арнап жазба қалдырды. Ол қызының мектептегі әрбір сәтін еске алып, оның білімге деген құштарлығы мен белсенділігін атап өтті. Айымның мектептегі жетістіктері анасын бақытқа бөлегенін айтты.
«Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді үтіктеп, оқу-құралдарыңды түгендеп, күнде таңда оятып, еркелетіп сабағыңа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп, білімге де құштар болып, мектептің де әр іс-шарасында белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің. Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет», - деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Ата-ананың құттықтауы
Тұрсынбек Қабатов та әлеуметтік желіде қызын құттықтап, ақ тілегін арнады. Ата-анасы Айымның алдағы өміріне сәттілік тілеп, оның әрқашан бақытты болуын қалайтынын жеткізді.