Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Үрейге бой алдырмай, үйлерден эвакуациялау: Алматыда 21 мамырда сейсможаттығу өтеді

Алматыда жалпы қалалық сейсможаттығу өткізіледі, деп хабарлайды infohub.kz тілшісі. 21 мамыр cағат 10:00-де бүкіл қалада сиреналар қосылады.

"Автоматты түрде теле- және радиохабар тарату арналарының үзілуімен "Баршаңыздың назарыңызға!" деген электрлік сигналдар қосылып, халықты жүйенің техникалық дайындығын тексеру және сейсможаттығудың басталғаны туралы хабардар етеді", - деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД).

Сирено-сөйлеу құрылғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын жерлерде сейсможаттығулар жүргізіліп, азаматтарды алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтері пысықталады.

"Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖД тұрғындардан үрейге бой алдырмауды, ғимараттардан (пәтерлерден, үйлерден, тұрақты тұратын орындардан) эвакуациялау элементін пысықтауға қатысуды сұрайды", - деп қосты ведомство өкілдері.

ТЖД мәліметінше, қалада баспанасыз қалған "жәбірленуші" халықты қабылдайтын барлық 384 пункт іс жүзінде ашылады.

You Might Also Like

Новости

Реклама