Photo: Mesut Yalçın (https://www.pexels.com/@mesut-yalcin-1233429888) / Pexels
- 29 апр. 2026 10:30
- 19
Үш ай бұрын қайтыс болған әпкесінің ақшасын алмақ болған аға: Банкке мәйітті алып барды
Үндістанның Одиша штатында ер адам үш ай бұрын қайтыс болған әпкесінің мәйітін қазып алып, шамамен үш шақырым жердегі банк бөлімшесіне алып барды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.
Марқұм әйел қаңтар айында сырқаттан қайтыс болған. Оның банк шотында шамамен 19 мың рупий (92 мың теңгеге жуық) қалған еді. Алайда, ағасы бұл қаражатты ала алмай жүрген.
Ер адамның айтуынша, ол банкке бірнеше рет барғанымен, қызметкерлер шот иесінің өзі келмесе, ақша беруден бас тартқан. Амалы таусылған ол әпкесінің денесін қазып алып, матаға орап, жаяу түрде банкке жеткізген.
Бұл оқиға банк қызметкерлерін таңғалдырып, олар бірден полиция шақырған. Құқық қорғау органдары мәйітті алып, қайта жерлеу рәсімін жүргізген. Сонымен қатар, ер адамға мұрагерлік қаражатты алудың заңды тәртібі түсіндірілді.
Indian Overseas Bank өкілдері болса, мәйітті әкелу туралы ешқандай талап қойылмағанын айтты. Олардың мәлімдеуінше, ақша алу үшін тиісті құжаттар – өлім туралы куәлік пен мұрагерлік құқықты растайтын қағаздар қажет болған, бірақ ер адамда олар болмаған.
Жергілікті билік өкілдері банкке бұл мәселені жедел шешуді ұсынып, мұндай жағдайларда адамгершілік тұрғысынан қарау қажеттігін ескертті.
-
Астанадағы №2 қалалық ауруханасының маңында салынып жатқан тұрғын үй кешеніне қатысты тұрғындар наразылық білдіріп, құрылысты тоқтатуды талап етті.