- 13 янв. 2018 00:00
- 294
Үй жинауды жеңілдететін 13 интерьерлік қулық
Күнделікті үй жинау — демалыс күннің құнды уақытын бөлуге қия бергің келмейтін тұрмыстың жағымсыздау міндеті.
Үй жинау көп уақытыңызды алмас үшін Bilim-all.kz сіздерге 13 интерьерлік қулықты жинады.
1. Монолиттік жуу
Ас үйде жиһаз беттері, сонымен қатар жуғыш барынша монолитті болғаны дұрыс. Осылайша саңылауларға қоқым кіріп кетпейді.
2. Тегіс еден
Еден беті теп-тегіс және барлық тақтайлар бір-біріне тығыз орналасқан болса, оны жуып, жинау әлдеқайда жеңілдейді. Қиылған тақтайлар мен тегіс тақтайлар арасында таңдау болса, тура жанаспалысын таңдаған жөн болар. Қиғашталған жиегі бар паркет немесе ламинат таңдай отыра біз үй жинауға көбірек уақыт бөлеміз, себебі еденнің саңылауларынан ұсақ қылшықтар мен шаңды жинауға мәжбүр боламыз.
3. Жапсарсыз плитка
Жапсарсыз плитканың дәстүрліден басты ерекшелігі, жиегінде қиықтардың болмауы. Барлық элементтер біртұтас жабынды болып, бір-біріне тығыз жанасқан, сондықтан олардың бетінен шаң-тозаңды сүрту оңай. Плиткалар арасындағы тігістер барынша жіңішке болғандықтан, арасындағы сылауға шаң мен кір аз қонады.
4. Бір реңкке қоюлау сылау
Еденге арналған плитканың сылауын плитканың ең қою болған бөлігінің тұсынан бір реңкке қоюлау ету керек. Сылау, әсіресе цемент сылау болса өзіне көп кір жұқтырады, сол себепті ол ашық тігістерде қатты көрінеді.
5. Сұр еден
Үйде жиналған шаң орташа сұр түсті, сондықтан ол қара немесе ақ еденде жақсы көрінеді. Сұр еденде шаң онша көрінбейтін болады. Бұл тазалауды қажет етсе де, таза үй иллюзиясын жасауға мүмкіндік береді.
6. Кілемдерден бас тарту
Кілемдер — шаң-тозаңды тартатын нағыз магниттер, және түгі ұзын болған сайын, оны тазалау да қиынға соғады.
7. Ұсақ суреттері бар түсқағаздар
Ұсақ суреттер назарды өзіне аудартып, бетіндегі дақтарды жасырып тұрады.
8. Балауызды бояу
Бояу құрамындағы балауыз қабырға бетінде кірді сіңірмейтін қорғаныш қабатын түзеді. Егер қабырғалар кірлесе, оларды жай ғана сүрте салуға болады.
9. Тегіс төбе
Жарық түсіріп тұратын күрделі көпдеңгейлі төбе — шаң-тозаңның нағыз жиналатын орны. Тегіс төбе таңдап, қол жетпейтін қуыстарды қалай тазалаймыз деген уайымнан құтыламыз.
10. Бос кеңістіктер
Ұсақ кәдесыйлар, мүсіндер, ойыншықтарды барлық ашық жерлерден шкафтарға, шаң жинамайтын жерлерге салып тастаймыз. Бұл үй жинауды екі есе қысқартады.
11. Кіріктірме жиһаз
Шкафтар, әсіресе ас үйдегі шкафтар қабырғаларға ғана емес, төбеге де жапсарласып тұруы қажет. Сонда гарнитурдың қол жетпейтін төбесінде шаң жиналмайды. Сонымен қатар, бұл жерлерге қажет емес вазалар немесе банкаларды қоюдан өзімізді шектейміз.
12. Іргесі бар шкафтар
Жиһаздың аяқтарының айналасында шаң жиналады. Шкафтың астыңғы алыс бұрыштарына жете алмай қиналмас үшін аяқтарын жауып тұратын іргесі бар шкафтарды таңдаңыз.
13. Жиегі жоқ аспалы унитаз
Унитаздың жиегінде жиналатын бактериялардан арылу үшін жай ғана аспалы унитаз қою керек. Сонымен қатар, аспалы модельдер үй жинау уақытын қысқартады: астын швабрамен сүртіп алса жеткілікті.
Ал сіз үй жинағанда қандай қулықтарды қолданасыз? Пікірлеріңізді күтеміз.