Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз табылды

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық азаматша Асемнің аман-есен табылып, полиция бөлімшесінде екені белгілі болды. Бұл туралы оның туысқандары хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жағдайы алаңдаулы

Апасының айтуынша, Асемнің жағдайы әзірге белгісіз, бірақ ол тірі. Тергеу барысында егжей-тегжейлі ақпарат берілмейтіні айтылған.

Не болды?

Естеріңізге сала кетейік, 6 наурызда Хошимин қаласында 26 жастағы қазақстандық Асем жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, сол күні ол консулмен кездесуге Ханойға ұшақпен ұшып кетуі керек еді. Алайда, әуежайдан 20 шақырымдай жерде байланыс үзілген. Ол жоғалған сәтте қатты қорқып, өзін біреу бақылап жүргенін айтқан.

Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігі жоғалған азаматшаның туыстарымен және Вьетнамның құзырлы органдарымен байланыста екенін хабарлады.

Новости

Реклама