Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Оманның оңтүстігіндегі курорттық Салала қаласына тікелей рейстерге билет сатуды бастады. Алматыдан Салалаға ұшулар 23 қазанда басталып, жұма күндері орындалады: алғашқы ұшу жергілікті уақытпен 10:05-те жоспарланған, ал қону уақыты — 15:15. 30 қазаннан бастап кесте өзгереді: ұшақ Алматыдан 07:30-да ұшып, Салалаға 12:40-та қонады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астанадан тікелей рейстер 24 қазанда ашылады. Олар сенбі күндері орындалады: Қазақстан астанасынан ұшу 08:35-те жоспарланған, Салалаға қону — 14:40-та.
Салаладан Алматыға кері рейстер жұма күндері 30 қазанға дейін 16:25-те, одан кейін 13:50-де ұшады. Астанаға ұшақтар сенбі күндері 16:00-де аттанады.
Ұшулар Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Қазақстан азаматтары Оманға 30 күнге дейін визасыз кіре алады.
Алматы — Салала — Алматы бағыты бойынша эконом-кластағы барып-қайту билетінің ең төмен бағасы 239 486 теңгеден басталады. Бизнес-кластағы бағасы — 621 849 теңгеден.
Астанадан барып-қайту эконом-класта кемінде 266 330 теңге, бизнес-класта 612 917 теңгеден басталады.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle FlyArystan-ның үш күндік акциясы туралы жазған болатын. 2026 жылғы 7-9 қазан аралығында билеттерді 20% жеңілдікпен сатып алуға болады.


