Минас-Жерайс штаты чемпионатының екінші дивизионындағы «Уберландия» мен «Маморе» командалары арасындағы жартылай финалдық матчта төреші 53 қызыл қағаз көрсетті. Бұл футбол тарихындағы рекорд, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Осындай жаппай алаңнан қууға «Маморе» үшінші гол соққаннан кейін туындаған төбелес себеп болды. Доп авторы Дави қақпаға гол кіргізгенін қарсыластарына қарай арандатушылық қимылдармен атап өтіп, қарсы команда ойыншыларын қорлады.

Төрешілік хаттамаға сәйкес, жаппай төбелес екінші таймның 54-минутында болған. Осыған байланысты төреші қызыл қағаздарды бірден көрсетіп, кездесуді аяқтау рәсімін орындай алмады. Қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты төреші матчты тоқтатуға шешім қабылдады. Төбелеске қатысушылар бір-бірін қолмен және аяқпен ұрып, футболшылар мен жаттықтырушыларға түрлі заттар лақтырды.

Нәтижесінде төреші «Уберландияның» 24 өкіліне және «Маморе» өкілдерінің 29-ына қызыл қағаз көрсетті. Бұл футбол тарихындағы рекорд болды. Бұған дейінгі жетістік 2011 жылы тіркелген еді — ол кезде алаңнан 36 адам қуылған.

Айта кетейік, бұл жолы алаңдағы футболшылар ғана емес, қосалқы құрамдағы ойыншылар, жаттықтырушылар штабының өкілдері және клуб менеджерлері де алаңнан қуылды.