Синоптиктер қазақстандықтарды жақын күндері — 8-10 қазан аралығында ауа райының тұрақсыз болатынын ескертті. Бұл туралы infohub.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің дерегінше, осы кезеңде республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, ал Шығыс Қазақстанда көктайғақ болады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Синоптиктер ел өңірлерінде қандай ауа температурасы күтілетінін айтты:

батыста түнде негізгі температура +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін көтеріледі;

солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта — түнде +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз +10+27°С;

шығыста — түнде негізгі температура 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді;

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — түнде +3+10°С, таулы аудандарда 2°С үсік, күндіз +17+25°С;

таулы аудандарда +12+17°С күтіледі.