Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты: 1) Жай бөлшектерді көбейту амалын орындауды. үйрену. 2) Жай бөлшекті, аралас санды, натурал санды көбейтуді үйрену. 3) Берілген бөлшекке, натурал санға кері санды табуды үйрену.
Сабаққа қажетті көрнекілік: Тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, тірек конспектілер, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Өткенге қайталау. Эстафета түрінде өткізіледі.
1. 1) Оқушылар тақтаға шығып кезекпен жай бөлшек жазып келесісі оқып, алымын, бөлімін атап, түрін (дұрыс, бұрыс) айтады.
2) Осылай келесі оқушы аралас сан жазып оқиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бөлшекке айналдырады.
3) Тақтаға оқушы бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады, мүмкін болса азайтады.
4) Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әртүрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады, мүмкін болса азайтады.
5) Соңында екі аралас сан жазылып олар тағы да қосылып, азайтылады.
2. Осы қайталау нәтижесінде оқушылар жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді. Бұл жұмыс жалпылама тексеру, енді жекелеп тексеру үшін әр оқушыға алдын ала дайындалып әкелінген тест тапсырмаларын таратып 5 минут ішінде орындап беру ұсынылады. Уақыт өткен соң тақтада жасырын ілулі тұрған дұрыс жауаптар ашылып, әр оқушыға неше балл алғанын өздеріне тексеруге болады. Тест тапсырмалары мынадай болуы мүмкін: Мәнін табыңдар:
1. 3/11 + 5/11= ------А. 2/11; -------- Б. 6/11; --------- В. 8/11
2. 1/3+3/4= -----------А. 1/3; ---------- Б. 5/6; ---------- В. 12/13.
3. 31/6 - 2= ---------- А. 19/6; -------- Б. 13/6; --------- В. 23/6.
4. 10 - 23/7= -------- А. 51/7; -------- Б. 47/7; --------- В. 44/7.
5. 89/12+3= -------- А. 10; ----------- Б. 125/12; ----- В. 128/12.
Мұндай өзін - өзі тексеру болашақта тесттік жүйемен тексеру тапсырмаларын әрі тез, әрі дұрыс орындауға жаттықтырады.
3. Тақтаға үш теңдеу жазылған тапсырма ілінеді. Ол тапсырмаларды орындауға оқушылар тақтада жұмыс істеп жатқанда орында отырған дар да осы тапсырмаларды орындайды, әрі тексеріп отырады. Тақтаға мынадай тапсырмалар ілінеді.
Теңдеулерді шешіңдер:
1) 547/12+ x = 4619/60
2) x + 369/16= 307/6
3) x + 37/30= 77/24
Тапсырмаларды орындауға 5 минут уақыт беріледі.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1) Натурал санға бөлшекті көбейту әдісін мына мысалмен көрсетуге болады:
3/7*2=3/7+3/7=(3+3)/7=6/7;
a/b * c=a * c/b
Жалпы түрде:; a/b * c=a * c/b
Тірек белгісін оқулықтағы ережені оқи отырып көрсетуге болады.
a/b * c/d=a * c/b * d;
Жалпы түрде: a/b * c/d=a * c/b * d
Оқулықтан ережесін оқушылар өздері оқып шығып, мүмкін болса жатқа айтып көреді: Мысал келтірейік: 1. 3/8*2/5=3*2/8*5=6/40=3/20;
Осы мысалда қысқартуды жолай орындай кету керек екенін түсіндіру қажет.
2. 7/2 * 29/14=7 * 29/2*14=29/4
IV. Тақырып бойынша №741, 743 жаттығулар орындалады.
V. Қорытынды жасау, үй тапсырмасын беру, бағалар қою.
Бөлшектерді көбейту
Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді көбейту.
2024年3月5日661 浏览

#сабақ жоспары#ашық сабақ математикадан#бөлшектерді көбейту 5 класс
推荐阅读
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
22 分钟前
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
22 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

