Тақырыбы: «Күз патшалығы»
Күз ханшайымы: (музыкамен билеп кіреді) Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі алтын күз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Менің мынадай әсем «күз патшалығыма» қош келдіңіздер! Мен осы күз патшалығыма балаларды да, шақырғым келіп тұр. (Музыкамен балалар кіреді)
Шолпан: (шегіртке) Біз шырылдауық шегірткеміз
Ыршып жүріп ән саламыз
Көгалды қуып гүл аттап
Сауық сайран құрамыз
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй
Күнде думан, күнде той
Уайым-қайғы жұмыс жоқ
Біздің жағдайымыз жақсы, бізге рақат, бізге рақат!
Тәрбиеші:Шегірткелер біздің күз патшалығымызға қош келдіңдер! Жұмыс жоқтарың қалай, күз мезгілі болды ғой. Қысқа дайындалмайсыңдар ма?
Шолпан: Уақыт жетеді, қысқа сосын дайындаламыз.
Тәрбиеші: Бізге көрсететін қандай өнерлерің бар?
Шолпан: Біз, шегірткелер биін билеп берсек. Жүріңдер шегірткелер.
Би: «Шегірткелер»
Күз: Рахмет сендерге. Енді қысқа дайындала беруге болады.
Музыка ойналып құстар ұшып келеді: Дильназ, Лиза, Дана.
Дильназ: Құс біткен сайрап, бәріміз масайрап, шат-шадыман өмір сүреміз. Биыл жеміс-жидектер ерте гүлдеп, пісіп баршаны қарық қылды ғой. Тамақ тоқ, жұмыс жоқ. Ха-ха-ха деп –күледі.
Тәрбиеші: Шегірткелер, құстар сендер еріншек болып кетіпсіңдер, жаз мезгілі дегендерің не, жаз өтіп күз болды.
(Осы кезде Жұлдызқұрт келеді де, ағаштағы алманы жей бастайды)
Расул: Жұлдызқұрт алмаларды неге жейсің, жеме! Біз саған тақпақ айтып берейік
Жұлдызқұрт: Жарайды, айтыңдар тақпақтарыңды тыңдайын.
Алан: Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Али: Құстар қайтты күз болып
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп гүл солып
Қыс ызғары басталды
Тәрбиеші: Құстар, шегірткелер қараңдаршы, жұлдызқұрт жемістерді жеп жатыр. Енді көмекке не келер екен.
Құмырсқа - Анель: Масқара, бұл не жатыс, күз болса келді. Құстар сендерге не болған, мына жемістерді құрттар жеп қойды ғой. Шегіртке саған не жоқ. Қысқа азығың дайын ба? Қыстың қамын жаз ойла, деген! Мына құрттарды қуу керек, кет бұл жерден –деп құстар, барлығы жабылып құртты қуып жібереді.
Тәрбиеші: Балалар, құртты қуып жібердік, енді құмырсқа мен шегіртке бізбен бірге ән айтып, билесін.
Ән: «Күз келгенде» Ағылшын тілінде күз туралы ән айтылады.
Жаңбырдың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші: Ой балалар! естіп тұрсыңдар ма, жаңбыр жауайын деп тұр.
Бұлт кіреді: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын! –деп су шашады. Балалар, сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Қыздар шығып: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер
Қорықпаймыз біз сенен
Қолымызда қолшатыр
Кел, билеші бізбенен! – деп билейді
Би: «Қолшатыр»
Бұлт ойын ойнатады: «Тамшылар мен жапырақтар»
Тәрбиеші: Бұлт сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде «күн» жоқ екен. Қане, балалар бәріміз мерекемізге күнді шақырайық.
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! сендер мені шақырдыңдар ма, достарым!
Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын
Шуақ шашып бәріңе
Бала жанын ұғамын
Бұлт: Күн, күн тоқтай тұр!
Сөзіме менің құлақ түр
Ішім толы суға
Сусыз өмір бола ма?
- Жоқ, ендеше мен бәріңе керекпін, мен мықтымын.
Күн: Жоқ, мен мықтымын - деп екеуі дауласады, аяқтарын тарсылдатады.
Күз: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар күн мен бұлтты татуластыру үшін музыка ханшайымы «скрипкаға» сөз берейік. (Скрипканың сүйемелдеуімен қыздар жапырақпен билейді)
Күз:Жарайсыңдар, балалар! Күн мен Бұлт тату болса
Бәрі де көңілді
Күн менен су бар жерде
Бау-бақша гүлденер
- Ендеше ешқашан дауласпаңдар, дос болыңдар!
- Жарайды, енді дос болып жүреміз –деп қолдарынан ұстап, қоштасып шығып кетеді.
Ән:
«Урожай собирай» Тақпақтар:
Күз: Бүгінгі мерекеге өзімнің қыркүйек, қазан, қараша атты айларымды ертіп келдім.
Расул –Қыркүйек: Күздің осы айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайған
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Бекзат-Қазан: Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адал достықпен
Алтын күз тойы жалғасты
Нұрлыбек-Қараша: Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Тәрбиеші: Неге, сізді жомарт күз деп айтады.
Күз: Иә, мен жомартпын. Мереке басы ән болар, береке басы дән болар деп халқымыз бекер айтпаған. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларға толтырдым. Маған кімдердің көмектескендірін өздері айтып берсін.
(Музыкамен Жер Ана, Дихан ата келеді)
Жер Ана: (қолында нан) Мереке құтты болсын! Дастархан мол болсын, молшылық береке болсын!
Дихан ата: (қолында кетпені бар) Осы болды қалаға жеткенім
Сендерге айтар аманатым
Қаладағы өрендерім ешқашан
Ұмытпаңдар, бабалардың кетпенін!
Күз: Көрдіңдер ме, маған кімдердің көмектескенін. Енді сендер де, маған картоп пен пиязды жинауға көмектесіңдер. (Бокстың қолғабымен жинап, себетке салады)
Балалар, менің патшалығым сендерге ұнады ма?
Тәрбиеші: Балалар, міне біздің мерекемізде аяқталды. Бірақ, күз бізбен қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда, онымен кездесеміз.
Берекелі –бақ дәулет
Арта түссін тойланып
Сау болайық бәріміз
Келгенше күз айналып
Күз патшалығы
Тақырыбы: «Күз патшалығы»
2024年3月4日807 浏览

#алтын күз#балабақша#сценарий#бастауыш#күз мерекесі#күз патшалығы
推荐阅读
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
7 分钟前
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
47 分钟前
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
47 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

