«Математикалық көкпар» сайысы
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі көкпар ойыны. Осы ұлттық ойынның желісі бойынша аудандық математикалық көкпар сайысын өткіздім. Оған 8, 9-шы сынып оқушыларынан құралған 4 топ қатысты. Әр топта 6 оқушыдан болады. Бұл ойынды жүргізудегі мақсат ұлттық ойынмен танысу, оқушылардың халықтық ойынға деген көзқарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру, олардың білуге құмарлығын арттырып, математикаға қызықтыру.
Ойынның шарты: екі топтың бапкерлері келіп қоржыннан асық алады. Сол асықтағы нөмірге байланысты сұрақтарға топтың шабандоздарымен ақылдасып жауап береді. Есеп әр түрлі қиындықта болғандықтан шабандоздардың жауабы дайын болғанша, жанкүйерлерге сұрақтар беріледі.
Жанкүйерлердің жауабы өз топтарына ұпай ретінде қосылады.
Осы ойындағы екі топқа берілген есептерді ұсынып отырмын.
1 - асық. Бір бай үш жыл малай жұмсап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдай алмай 2 жылдан кейін кетіп қалды. Бай малайына бір бұзау 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? (Бұзауды 6 лаққа бағалаған).
2 - асық. 7 рет кір жуғаннан соң тік төртбұрышты параллелепипед тәріздес кір сабынның ені, биіктігі, ұзындығы екі есеге кемиді. Қалған сабын енді неше рет кір жууға жетеді? (Бір рет кір жууға жетеді).
3 - асық. Төмендегі сандар тізбектей жазылған. Осы тізбектегі соңғы санды жазыңдар. 6, 8, 12, 18, 26, 36,... (48).
4 - асық. Ертеде бір хан 100 торғайды 30 бүркітке тең бөліп берген адамға қалаған сыйын тартамын деп жар салдырыпты. Оны естіген аспаз ханға келіп есептің жауабын айтыпты. Аспаздың жауабына хан риза болыпты. Сонда аспаз қандай жауап айтқан? (Әр бүркітке үш торғай және үшеу ара бір торғай).
5 - асық. Суреттегі боялған аудандардың қосындысы квадраттың ауданының неше пайызы болады. (37, 5).
6 - асық. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағынаға қызық (координаталар осі).
7 - асық. Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді. Биеге - үш қадақ, құнандарына екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді. Сонда бие нешеу, тай нешеу, құнан нешеу? (Бір бие, екі құнан, үш тай).
8 - асық. Төмендегі сандар тізбектей жазылған. Осы тізбектегі соңғы санды жазыңдар. 1, 2, 4, 8, 32,...(256).
9 - асық. Жігіт отау тіккенде үш ағасы бірігіп 6 қой береді. Сонда олардың өзінде қалған қойлардың саны бірдей болады. Әуелде барлығының 42 қой бар екені және әрқайсысының берген қойының саны әртүрлі екені белгілі. Ағаларының әрқайсысы қанша қойдан бергенін және әуелде қаншадан қойлары болғанын анықта. (Әуелде 13, 14, 15 қой болды. 1, 2, 3 қой бергенде әрқайсысында 12 қойдан қалады).
10 - асық. Төртбұрыш тортты 3 түзу сызықпен 7 бөлікке бөл!
Жанкүйерлерге берілетін сұрақтар.
1. Қазақтың салмақ өлшемдерінің мағынасын түсіндір. Бір шелек, бір торсық, бір саба, бір қап, бір арқа.
Жауабы: Бір шелек (су, сүт),
бір торсық (айран) 6 - 7 литр,
бір саба(қымыз) 10 - 15 литр, бір қап
(ұн) 40 - 60 кг, бір арқа (жүк) 45 - 50 кг.
2. Егер А және В натурал сандарының көбейтіндісі 36 болса, онда бұлардың қосындысы ең үлкен болатын мәнді табыңдар. (13).
3. Биіктігі 10 м ағашқа ұлу күндіз 5 м жоғары көтеріліп, түнде 4 м төмен түседі. Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады? (10 күнде).
4. Бөлменің әр бұрышында бір - бір мысық отыр. Оның әрқайсысына қарап үштен мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық).
5. Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек. (20).
6. Қазақтың салмақ өлшемдерінің мағынасын түсіндір (сүйем, сынық сүйем, тұтам, аршын). Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, сынық сүйем – екі буынды бүккендегі аралық, тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық, аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық.
7. Бес таңбалы сан берілген, одан кейінгі сан 6 таңбалы болады. Берілген қандай сан. (99999).
8. Екі адамның бірі ылғи шын, екіншісі ылғи өтірік айтқан. Екеуі бірдей жауап беру үшін оларға қандай ортақ сұрақ қою керек? (Сен ылғи өтірік айтасың ба? Сен ылғи шын айтасың ба?)
9. Сыныптағы отыз оқушының жартысы ағылшынша, әрі немісше, қалғаны тек немісше үйренеді. Оқушылардың қаншасы немісше, қаншасы ағылшынша үйренеді? Қаншасы әрі ағылшынша әрі немісше үйренеді? (15 - і ағылшынша, бесеуі әрі немісше, әрі ағылшынша, оны немісше үйренеді).
10. Өткен мыңжылдықта мынадай жыл болды. Егер оны цифрмен қағазға жазып, сол қағазды теріс аударсақ тура алдыңғы цифр көрсетіледі. Ол қай жыл? (1961, 1691)
«Математикалық көкпар» сайысы
«Математикалық көкпар» сайысы
2024年3月5日866 浏览

#сайыс сабақ жоспары#математикалық көкпар#математикадан ойын сабақ
推荐阅读
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
23 分钟前
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
23 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
43 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

