Тақырыбы: Не? Қашан? Қайда?
Интеллектуалды ойын 11 - сынып
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: Интеллектуалды ойын «Не? Қайда? Қашан?»
Көрнекілігі: презентация, слайдтар, ойынға қажетті әртүрлі заттар.
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Не? Қашан? Қайда?атты интеллектуалды ойынды бастаймыз.
Сабақтың эпиграфы:«Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» Р. Бекон.
Ойынға қатысушылар 11 сынып оқушылары Алтаев Арнау, Бейсенова Гүлназ, Жоламанов Азат, Самекова Айдана, Тоқтаубай Әуелхан, Көмекбай Қымбат, Жұмабаев Бахтияр, Тлеубек Айым, Тыныбеков Ерахмет.
Ойын ережесі.
Көрермендер ойыншыларға сұрақтар қояды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді.
Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда ұпай көрермендерде қалады. Ойын үстелі 16 секторға бөлінген. Осы 16 секторда көрермендер дайындаған сұрақтар бар. Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай – ақ жауап беруге болады. Егер бұл сұрақ жауабы дұрыс болса, бұл 1 минуттық уақыттары келесі сұраққа жауап іздегенде қосылады. Ойыншылардың, ойын бойы, тек 1 рет көрермендерден көмек сұрауларына болады.
Сектор 1.
Балалар мерекесіне арналған концертке сегіз әнші қатысты. Концерт барысында әрбір әнші басқа әншілермен дуэт болып бір әннен айтып шықты.
Концертте барлығы неше ән айтылды? (28)
Сектор 2.
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9)
Сектор 3.
70 туристің 35 - і ағылшын тілін, 36 - сы неміс тілін, 18 - і осы екі тілді де біледі. Қалғандары француз тілін біледі. Қанша турист француз тілін біледі.(17)
Сектор 4.
Блиц - турнир (Әр сұраққа 20 секунд беріледі)
1. Оң сандарға қолшатырдай, қалпақ болған беделі. Квадраттасаң егер оны, жоғалтасың сен оны.(квадрат түбір)
2. «Пропорция» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (ән)
3. Қай жануардың көзі 360 градусқа айналады (хамелеон).
Сектор 5.
Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде газеттің бір парағында 6 - шы және 19 - шы беттерінің болғанын көрдім. Газетте неше бет бар? (24 бет)
Сектор 6. Сектор 13.
Музыкалық үзіліс. Құрметті қонақтар, мектеп оқушыларының би өнерін тамашалайық.
Сектор 7.
«Кенгуру» байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп тұрады. Байқау 2009 жылы нешінші рет өтті? (19рет)
Сектор 8.
Автобуста кележатқан 30 жолаушыдан бірінші аялдамада5 әйел және 5 ер адам шығып кетті. Қалған жолаушылардың ер адамдары әйел адамдарынан үш есе артық болды. Бастапқыда автобуста қанша ер адам болды? (20 ер адам)
Сектор 9.
1 2 3 4 5 6 7 цифрларының араларына қосындысы 100 болатындай етіп «+» таңбасын қалай қоюға болады? (1+2+34+56+7 немесе 1+23+4+5+67)
Сектор 10
Қара жәшік
Қара жәшікте жатқан затты бір дарынды жас бала ойлап тапты. Кезінде ол, әлемдегі ең бірінші, қол - араны ойлап тапқан болатын. Археологтар Помпея күлінің астынан осындай қоладан жасалған заттарды тапты. Ежелгі Грекияда бұл затты қолдана алу – аса кемелділіктің, ал оның көмегімен есеп шығара алу қабілеті – қоғамдағы жоғары бедел мен парасаттылықтың белгісі болып саналды. Осы зат архитектура мен құрылыста таптырмас құрал. Жүздеген жылдар бойы оның құрылысы өзгерген жоқ.
Қара жәшікте жатқан зат не? (циркуль)
Сектор 11.
Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен.
Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (32)
Сектор 12.
Нұржан нысанаға дәл тигізсе 20 теңге алады, тигізе алмаса 15 теңге береді.
Нұржан 20 атыстан соң 225 теңге ақша алды. Ол неше рет нысанаға дәл тигізді? (15рет)
Сектор 14
Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 17 - ге, ал көбейтіндісі 64 - ке тең. Барлық мүмкін болатын сандарды көрсет. (188, 818 немесе 881)
Сектор 15.
Орманда әр 40 м сайын Марат саңырау құлақ тауып отырды.
Марат барлығы 20 саңырауқұлақ тапса, бірінші саңырауқұлақтан бастап соңғы саңырауқұлаққа дейін қанша м жол жүрген (760 м)
Сектор 16.
Қанат алдыңгүні 16 - ға толғанын, ал келесі жылы 18 - ге толатынын айтты.
Осылай болу мүмкін бе? (Ол осы сөзін 1 қаңтарда айтты, ал оның туған күні 30 желтоқсан.)
Рефлексия
Ойынымызды Н. Назарбаевтың сөзімен аяқтауым келеді «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілігіңізде»
Осымен ойын аяқталды
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын.
2. Осы ойын туралы және өздерінің көңіл - күйлерің туралы пікірлеріңді смайликтер арқылы білдірулеріңді сұраймын.
Соңымен ең қызықты сұрақ деп № сектордағы сұрақ жарияланады. Осы сұрақты жіберген ...................................... естелік грамотамен марапатталады.
Қорытындылай келе ең білгір, ең тапқыр ойыншы деп.............................. марапатталады.
Сіздерге, балалар, рахмет айта отырып көздеген мақсаттарыңа сүрінбей жетулеріңе тілектеспін.
Назарларыңызға рахмет!
Не? Қашан? Қайда?
Тақырыбы: Не? Қашан? Қайда?
2024年3月5日548 浏览

推荐阅读
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
21 分钟前
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
21 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
41 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

