Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық
Сабақтың мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі сандар, кеспе қағаздары
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. үш топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек
2 топ: үшбұрыш
3 топ: төртбұрыш
Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың, жан досым,
Армысың, көк аспан
Жылуыма жылу қос
Болайықшы жақсы дос
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болсақ:
1. Кім шапшаң?
2. Қандай сан жетіспейді?
3. Логикалық есептер
4. Келіңдер, есептейік
5. Кім жылдам?
1. Кім шапшаң.
0-ден 7-ге дейінгі сандар шашылып жатады. Сандарды рет – ретімен, қай саннан кейін қай сан тұратының қарап, жазып шығу.( 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.)
2. Қандай сан жетіспейді?
Сандар қатарындағы жоқ санды тауып, жазу. 0, 1,..., 3, 4,..., 6,....
Логикалық есептер.
Айгүлде үш мысық, Айнұрда екі мысық Қосқанда барлығын Болады неше мысық? (3+2=5)
Жүзіп жүр 4 аққу
Ұшып жүр 2 аққу
Қосқанда екеуін
Болады қанша аққу? (4+2=6)
Алма ағашта 5 алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (5 - 5=0)
Сергіту сәті. Сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қара еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
3. Келіңдер, есептейік.
Үш топқа үш түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.
1 – тапсырма
Дөңгелек ------ Үшбұрыш ------ Тіктөртбұрыш
1+1= -------------- 2+2 = ----------- 2+1=
2+3= -------------- 3+1 = ----------- 3+2=
5 - 2 = ------------ 4 - 2 = ----------- 5 - 3 =
2 - 1 = ------------ 4 - 1 = ----------- 3 - 1 =
2 – тапсырма:
Ақша санауды үйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің ішіне цифрмен жаз
3 тапсырма «Тез есепте»
(үй жануарлары суреті)
3+1
2+2
1+3
4. Кім жылдам?
- Сана да жаз.(суреттер беріледі)
....
- 5 санының құрамын анықта
3 қызыл машина
2 көк машина
Барлығы: 5 машина
3+2=5
- Аққаладан неше дөңгелек, жұлдызша, сопақша бар екенін тап. ъ
1 дөңгелек, 1 жұлдызша, 1сопақша
Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Сөз кезегін әділ – қазы алқаларына береміз. Топтарды марапаттау.
Ойнайық та, ойлайық
Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық
2024年3月5日736 浏览

#математика#балабақша#сабақ жоспары#ойнайық та#ойлайық
推荐阅读
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
23 分钟前
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
23 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
43 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

