Информатика (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Paint патшалығына саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген топтық жұмыстарды орындату.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытта үнемдеуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: теориялық - практикалық
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формасы: жеке, ұжымдық
Жабдықтау: ЕТ, оқу құралдары, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі карточкалар
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аударып, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлу.
1. «Асыл тас» тобы
2. «Болашақ» тобы
ІІ. Кім білімді? Сұрақтарға жауап беру. (Сұраққа дұрыс жауап берген топқа 1 жұлдызшадан беріліп отырады)
1. Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
2. Paint г. р. қалай іске қосамыз? (Компьютерде орындау)
3. Paint г. р. терезесінің элементтерін ата. (Компьютерде орындау)
4. Палитра не үшін қажет?
5. Құрал саймандар тақтасындағы құралдарды ата. (Тақтада ілулі тұрған құралдардың қызметін атау)
6. Пернетақтада неше перне бар?
ІІІ. «Көрсетейік». Тақтада бірдей түсті бірнеше торкөздер ілінген, олардың астында жасырылған түрлі математикалық фигуралар бар, солардың ішінен екі бірдей фигураны табу керек.
(Дұрыс тапқан топқа 1 жұлдызшадан)
ІҮ. Деңгейлік тапсырмалар.
1. Бұлттың суретін салу
2. Поездің суретін салу
3. Ғимараттың суретін салу
4. Шәйнектің суретін салу
(Суреттеріне қарап бағалау)
Ү. «Кім зерек». Тақтадағы суретте неше таяқша бар?
(Жылдам тапқан топқа жұлдызша беріледі)
ҮІ. «Орындайық» Суретті қолыңды алмай сал.
Екі сурет беріледі, соны жылдам, әрі дұрыс салу керек.
(Дұрыс, әрі жылдам салған топқа жұлдызша беріледі)
ҮІІ. «Қарақшы» Үзінділерді жылжыта отырып, қарақшыны киіндір, содан кейін киімін қайта ауыстыр.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Көп жұлдызша жинаған топ жеңімпаз атанады.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Қағазда және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.
Paint патшалығына саяхат
Информатика (7 сынып)
2024年3月5日721 浏览

#информатика#ашық сабақ#7 сынып#paint патшалығына саяхат
推荐阅读
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
23 分钟前
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
23 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
43 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

