Білім беру саласы:
Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жапсыру
Тақырыбы: Құс ауласында
Мақсаты: Білімділік: Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту, тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, мадақтау.
Дамытушылық: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,
табиғатты сүюге үйрету.
Әдіс - тәсілдері: Шаттық шеңбері, жұмбақ, сұрақ - жауап, алдын – ала жұмыс, түсіндіру, үй құстарын жапсыру, дидактикалық ойын, сергіту сәті, қорытынды.
Көрнекіліктер: Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, АКТ, бейне таспа, үнтаспа, желім, үлестірмелі материалдар, майлықтар.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.
Қане бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар келген қонақтармен амандасады.
Сәлеметсіздер ме!
Здраствуйте!
Good morning!
- Балалар мен оқу іс – әрекетін бастамас бұрын сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:
Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.) Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Көктем мезгілі
Педагог: - Көктем мезгілінде ауа - райындағы өзгерістер қандай болады?
Балалар: - Көктемде күн жылынады, ұйықтап жатқан табиғат оянады, ағаштар бүршік атады, гүлдейді, шөп шығады, алғашқы гүлдер шығады.
Балалар бейне таспаға көңіл бөлейік.
Балалар қараңдаршы үй құстарының суреттерін АКТ – дан түрлерін көрсетіп сұрау?
- Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек.
Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?
- Түсі қызыл.
- Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?
- Ку - ка - ре - ку.
- Ал, мынау тауық, бұл да үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді.
- Түсі ақ.
- Олар қалай дыбыстайды?
- Қыт - қыт - қыт.
- Ал мынау балапан
Қалай дыбыстайды?
- Құстар және олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді. Үй құстарын үйде күтіп баптайды. Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше, күртешелер тігіледі. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, ұя дайындап, қамқорлық жасайды. Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Педагог балалардың назарын үлгіге аударып, жұмыстың орындалу тәсілін көрсетеді. Біз алдынғы оқу іс – әрекетімізде тауық пен балапанды қиып дайындап қойдық, енді бүгін міне сол дайын материалдарды жапсырамыз желімдеу арқылы.
- Балалар жұмысты педагогтің түсіндіруі бойынша орындайды.
Педагог жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға көмектеседі.
Сергіту сәті бейне таспа бойынша:
- Балалар қимылмен жасап, қайталайды.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Ойынның шарты: Балалар АКТ – дан суреттерді айтып, дыбыстарын анықтау.
Қорытынды: Педагог жасаған жұмыстарына оң баға беріп, бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы білгендерін, ненің ерекше ерекше естерінде қалғандарын сұрап тексереді.
Педагог: - Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.
Педагог: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.
Педагог: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.
Педагог: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!
Педагог: балалар білімін қорытындылап, жақсы қатысқандары үшін мадақтап, оқу іс – әрекетін аяқтайды.
Сау болыңдар!
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі
Сарсенова Лаззат Сериккалиевна
Толық нұсқасын жүктеу
Құс ауласында
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жапсыру
2024年3月5日680 浏览

#балабақшаға арналған сабақ#құс ауласында#қағазбен және қайшымен жұмыс істеу
推荐阅读
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
21 分钟前
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
21 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
41 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

