Астана қаласы, № 64 мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Бекжанова Бахтигул Нурмухамбетовна
Сабақтың тақырыбы: Құтықтау жазып үйренеміз
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен сөздік қорын кеңейту, сауатты жазуды пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың тез ойланып, тиянақты жауап беру, сыпайы сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап,
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбек, музыка.
Көрнекілік: құттықтау хаттар, почта құтысы.
Сабақтың типі: бекіту.
Қолданылатын технология:
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
ә) Қолымызды күнге қарай созып,
Күннен жылу, шуақты нұр аламыз.
Бірінші өз жүрегімізге береміз,
Қайтадан қолымызды күнге созып.
Қайта күш қуат алып бір - бірімзге сыйлаймыз!
Енді осы жылы лебімізді бір - бірімізге хат арқылы жолдаймыз!
- Ал, хат жазу үшін өте білімді сауатты болу керек.
- Біз енді білімімізді шыңдап алайық.
(музыка)
Бұл хат тасушы Печкин. Өз тапсырмасын хат арқылы жолдапты. Ол сендерге бірнеше тапсырма дайындапты.
1 - хат
- Берілген сөз тіркесінен сөйлем құрап жазу.
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
- Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр
- Берілген сөйлемді сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемге айналдырып жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қой.
- Тасымал (5 буынды сөз)
2 - Хат
Хат тасушы Печкин бізге тағы бір тапсырма беріпті.
1. Балалар қазір қолдарыңдағы құралдармен ашық хат жасап, құттықтау
жасаңдар! Ол үшін сендерге ашық хат жасауға технология пәнінің мұғалімі ГауҺар Ақпазиевна көмектеседі.
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап құттықтау хат жазамыз.
Сергіту сәті
2 жаттығу
Мәтінді бөлім бойынша оқыту, сұрақтар қою
1. Мәтін кім туралы айтылған?
2. Нұрбол қандай үйірмеге қатысатын?
3. Нұрбол қандай жүлдеге ие болды?
4. Нұрболды кім құттықтады?
5. Нұрболды қалай құттықтағанын мәтіннен кім тауып оқып береді?
6. Содан бері айдын қандай үйірмеге баратын болды?
7. Айдынның басты арманы қандай?
Енді дәптерге Айдынның Нұрболға арнаған құттықтау сөзін жазамыз
3 жаттығу
Мәтінді оқыту.
1. Алмастың мектебінде қандай мереке болды?
2. Ол мерекеде оқушылар не істеді?
3. Үйге келгеннен кейін Алмастың есіне кім түсті?
4. Андрей қайда тұрады?
5. Алмас Андреймен қашан танысқан?
6. Алмастың ойына не келеді?
7. Ол кіммен ақылдасты?
8. Анасы қандай ақыл айттты?
Сонымен балалар Алмас, Андрейге қандай хаттың түрін жазды?
Ал, жедел хатпен ашық хаттың айырмашылығы қандай?
Жедел хат бір хабарды шұғыл түрде қашықта тұратын біреуге тез жеткізу үшін жазылады. Жедел хат мәтінінде сөйлем және сөздер қоры аз, әрі нақты болады.
Жедел хат қысқа әрі нұсқа түрде жазылады.
«Хат» ақпарат тасымалдаудың бір түрі.
«Хат» ақпарат көзі.
«Хат» жазба түрінде сақталатын тарихи мұрағат болып қалады.
Қазір ақпаратты технологиялардың даму заманында хабарды тез жеткізудің басқа бір түрлері бар. Солар жайлы білеміз бе? Атап шығайық.
Қорытынды: Демек балалар, хат жазар алдында ойымызды жинақтап, мазмұнын талқылап, іштей ойланып, жазу ережелерін еске түсіріп барып хат жазуға кірісу керек екен.
Әр хаттың өз ерекшелігі бар екенін білдіңдер.
Үйге тапсырма: Міне балалар, үйде мына Печкиннің электронды почтасына жедел хат жазып жіберулеріңе болады. Әрине ата-анамыздың көмегі қажет.
Мұғалім:
Балалар хатты, құттықтауды, ашық хаттарды тағы өлең жолдарымен де жеткізуге болады. Қазір осындай құттықтау өлеңді бәріміз бірге шырқайық. Ол үшін оқулықтағы 5 - жаттығуға назар салып, іштей оқып шығыңдар.
Құтықтау жазып үйренеміз
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицей
2024年3月5日706 浏览

#сауатты жазу#сөздік қоры#cөйлеу мәдениеті#құтықтау жазып үйрену
推荐阅读
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
9 分钟前
「同谋者」:丈夫烧死妻儿,村庄特别报道
2020年4月9日晚,哈萨克斯坦阿克套村一栋房屋起火,一名妇女和两名女孩死亡。嫌疑人系其丈夫和父亲。报道揭示家庭暴力悲剧和社区沉默的代价。记者深入村庄,采访亲属和邻居,还原事件经过,探讨沉默的共谋。
49 分钟前
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
49 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

