Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қуанамыз, ойнаймыз суықтан біз тоңбаймыз
Қуанамыз, ойнаймыз суықтан біз тоңбаймыз
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Балалардың ойын әрекеттерін байыту. Балаларды ойын барысында белгілі рөлді орындауға бағыттап, сюжетін дамыту. Топ болып бірге ойнауға, бір - біріне мейірбанды болуға тәрбиелеу.
Қостілділік құрауыш: Ойын - игра, қуыршақ – кукла

Мотивациялық, оятушылық кезеңі
Жылулық шеңбері:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса,
Алтын күн!
Жаса, жаса,
Жарқын күн!
Балалар назарын топ ішіндегі әдемі қуыршаққа аудару

Ұйымдастырушылық, ізденушілік кезеңі
- Балалар қараңдаршы бізге әдемі қуыршақ қонаққа келіпті. Сәлемдесейік.
- Сәлеметсіздер ме мен сендермен ойын ойнауға келдім.
- Жарайсың қуыршақ Айым келгенің жақсы болды. Біздің балалар сенің келгеніңе қуанышты.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күн суық. Далада қар бар. Қыс мезгілі. Ал біздің қуыршағымыздың үсті өте жұқа далаға ойнағанда тоңып қалады.
- Балалар қуыршаққа қыстық киім алу үшін дүкенге барайық. Ол жерден киім сатып алайық. Алдымен дүкеншімен сәлемдесейік
- Сәлеметсіз бе, дүкенші Диас, бізге қуыршаққа киім керек еді.
Жылы киім.
Дүкенші: Менің дүкенімде тек қана тәттілер сатылады.
- Сатушы, бізге бір қорап конфет, нан, сусын беріңізші, міне, ақшаңыз.
- Балалар жүріңдер киім дүкеніне барайық.
- Сәлеметсіз бе дүкенші. Бізге қуыршағымызға жылы киім керек еді.
- Дүкенші Сәлеметсіңдер ме балалар! Келгендерің сондай жақсы болды. Қандай киім керек?
- Бізге қуыршаққа келетін қызыл пальто үлкен түймелерімен.
- Міне үлкен түймелерімен қызыл пальто алыңыз.
- Енді сары түсті қолғап беріңіз.
- Міне сары түсті жылы қолғап, алыңыз.
- Рахмет сатушы.
- Қуыршағымызға тәтілермен шай берейік.
Балалар қуыршақты тамашалап қарайды.
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама