1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

1. Ата - анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру
1. Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімдеу керек.
2. Бала мұғалімді дұрыс тыңдауы үшін оған беретін нұсқауларыңыз анық, аз сөзді, жылы лебізді, жайдарлы әрі жайлы болуы қажет. Баланы мектепте болатын қиындықтармен қорқытпаңыз.
3. Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексертіп отырыңыз.
4. Оқуға дайындық: 6 - 7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап, кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады. Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.
Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты, дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сөйлеу апаратын дамытады.
5. Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс. Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру. Сызықтар төменнен жоғары, оңнан солға, егер ол қисық болса, онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс. Сызықтардың арасы 0, 5 см болуы тиіс, бұл жазба әліппесінің негізгі принципі. Есіңізде болсын, сабақтан қалай шаршаса, оқудан да солай шаршайды.
Есіңізде сақтаңыз!
Балаңызды мектепке дайындағанда сіз өзіңізге мұғалім ролін алмай, балаңыз үшін оны жақсы көретін және түсінетін ата - ана болып қала беруіңіз керек. Бала өзінің қолынан келетіндердің бәрін бар ықыласымен орындайды. Сондықтан ол жалқау бола алмайды.
Балаңыздың жетістігін ешқашан өз жетістігіңізбен және үлкен бауырының, сыныптас құрбысының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Тек қана сіздің шыдамдылығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз балаңыздың оқуда алға ұмтылуына кепіл бола алады.
2. Педагогтерге оқушының баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындау бойынша кеңес беру
- Бала үшін жағымды психологиялық ахуал орнату;
- Оқу түрткісін өзектендіру, оқушыға өзінің оқуы үшін жауапкершілікті түсініп, оны мойнына алуға үйрету;
- Балаға «Оқушы» позициясын алуға көмектесу;
- Қарым - қатынаста коммуникативтік дағдыларын дамыту;
- Баланы мұғаліммен, оқушылармен оқу ынтымақтастығына тәрбиелеу;
- Баланың тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау.
3. Ата - анаға: Балалардың қорқыныш, үрей сезімінен арылту бойынша психологиялық кеңес беру:
Егер сіз өзіңіз бірдеңеден қорықсаңыз қорқынышыңызды балаға көрсетпеуге тырысыңыз. Әлемді өлімге апарар ауру кезіп жүр, қалада қанішер адам пайда болды және т. б. дегенді үнемі айта берудің қажеті жоқ.
1. «Қорқынышты» фильмдерді көрсетуге рұқсат етпеңіз.
2. Баланы қорқыту үшін өзіңізге қорқынышты кейіпкерлерді, мыстан кемпірді, қапшығы бар ағаны, ашулы полицейді және т. б. одақтас етіп алғанды доғарыңыз.
3. Күрделі жағдайларда (ажырасу, отбасында жаңа мұрагердің пайда болуы, жөнді танымайтын туысқандарға көшіп бару) баланың эмоционалдық жай - күйіне көңіл аударыңыз – жағымсыз жағдайларда ол ересектердің назарын өзіне аудару үшін санасынан тыс қорқынышты пайдалану мүмкін.
4. Баланың ұйықтау мен сергек жүру тәртібінің жасына сай екендігіне, күні бойы оның жеткілікті мөлшерде жағымды әсер алуына көз жеткізіңіз.
5. Егер балаға қараңғылықтан қорықпауды үйреткіңіз келсе, күштеу шараларын қолданбаңыз, бұл қараңғы бөлмеге кіруге қатысты бастаманы баланың өзі көтергенде ғана мүмкін болмақ.
6. Баланы тым күшті қорқыныш билеген кейбір кездерде, психологтар жаны түршігер құбыжық немесе қорқынышты оқиғаның суретін салып, бұдан соң салтанатты түрде күлге айналғанын баланың көзіне көрсеткен дұрыс дейді. Бұл рәсімді қаншалықты қажет болса, сонша істей беруге болады.
7. Баланың қорқынышты жеңуге деген талпынысын мақтаңыз. Ол өз мінез - құлқының оңды беки түскенін қалайды.
8. Балада қорқыныш пайда болған жағдайда денелік жақындасудың маңызы зор – оны құшақтап, құшағыңызда тербетіңіз, сүйіп, босаңсытатын массаж жасаңыз.
9. Үйде бала өзін қауіпсіз сезінетіндей ахуал қалыптастыруға тырысыңыз.
Есіңізде болсын!
Жылулық пен жайлылық сыйлайтын байсалды да зейінді, мейірімді ана және тұрақтылық пен қауіпсіздік нұрын шашады.
4. Педагогтерге: оқушыларды мазасызданудан арылту бойынша психологиялық кеңес беру.
1. Жоғары мазасыз балалар тобына ерекше назар аудару керек. Олармен қарым - қатынаста психологиялық жарақат әкелетін сыни пікірден, ескертуден, олардың тұлғасын жағымсыз бағалаудан аулақ болыңыз. Олармен оқу мен өзара әрекетте жеке даралық ұстанымы тұрғысынан қарым - қатынасқа түсу қажет.
2. Сабақтан тыс шараларда эмоционалдық қысымды азайтуға және балалар ұжымын нығайтуға, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастырған жөн.
3. Шаршауды болдырмау үшін жағдай жасау: қимыл және эмоционалдық босаңсуға бағытталған жаттығу элементтерін сабақта қолдану, оқу жүктемесі мен үй тапсырмасының көлемін бөліктерге бөлу іс - әрекеттің жиі ауысуына әкеледі.
4. Мазасыздану деңгейі жоғары балалар тыныш, әрі қалыпты ахуалда табысты жұмыс істейді, керісінше жағымсыз ахуалда: уақыт тапшылығында, жедел жауап беруді талап ететін сұрау кезінде сәтсіздікке жиі ұшырайды. Сондықтан балалармен жұмыста қолайлы психологиялық ахуалды орнату қажет.
5. Ата - анаға баланың зейін ерекшеліктерін дамыту жайлы кеңес беру
Бастауыш сынып оқушысының оқудағы жетістігі мен табыстылығы тікелей баланың зейін қасиетімен байланысты. Балалардың зейінін жаттықтыруда келесі ережелерді ескеру керек:
Бірінші ереже: Баланың ақыл - ой жұмысының әр сағатында 5 - 10 минут дене жаттығуын, кішігірім массаж, көзге гимнастика жасатып отырған жөн.
Екінші ереже: кейбір балалар кез - келген жағдайда жұмыс істей береді, бірақ балалардың басым көпшілігіне сыртқы ықпалдар да өте маңызды: тыныштық, жұмыс столының үстіндегі заттардың жинақы тұруы, жарықтың дұрыс түсуі, жұмыс істеу қалпының дұрыс болуы.
Үшінші ереже: ақыл - ой жұмысына қолайлы уақыт мезгіліне бағдарлану. Көптеген зерттеулерге сүйенсек адамның жұмыс белсенділігі 5, 11, 16, 20 және 24 сағатқа келеді екен. Осы кезеңдерде зейін тұрақтылығы жоғары дәрежеге көтеріледі.
Төртінші ереже: 6 - 7 жастағы балалардың зейіні тұрақсыз болып келеді, бала ұзақ уақыт бойы бір затқа немесе іс - әрекетке назар салып тұра алмайды. Бала зейінін тез аударады, себебі қозу тежелуден басым болады. Сондықтан баланың зейінін аудару үшін ашық, қызықты заттар, ғажайып құбылыстар пайдалану керек.