Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
16 - 17 ғасырлардағы тарихи шығармалар
16 - 17 ғасырлардағы тарихи шығармалар
Конспект
Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541 - 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған еңбегі – “Та’рих - и - Рашиди”. Бұл еңбек – Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Жетісуды билеген әмірші – Поладшы Дулати. Хайдар Дулати оның жетінші ұрпағы болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы тілдерін жетік білген. Ол Жамал Қаршидің, Рашид ад - Диннің, Жувейнидің, Əбдіразақ Самарқанидің еңбектерін зерттеп, тарихи шығармаларына арқау етті. Өтеміс қажының “Шыңғыснама” еңбегі 16 ғасырдың ортасында жазылған. “Шыңғыснамада” Жошы хан əулетінің тарихы баяндалады. 16 ғасырдың 40 - жылдары Масуд ибн Усман Кухистанидің “Тарих - и - Абулхайр - хани” еңбегі жазылды. Онда көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихы айтылады. Шах Махмұд Шорастың “Тарих” (“Хроника”) шығармасында Бұйдаш, Хақназар, Тəуекел, Есім, Жəңгір хандар туралы тарихи деректер келтірілген. Əбілғазы Бахадур хан 1661 жылы "Түрікмен шежіресін", 1665 жылы "Түрік шежіресін" жазған. Еңбектері шежірелік сипатта жазылған. Шығармалар түрік дәуірінен бастап, Шыңғыс ұрпақтарының тарихын баяндайды. Сондай - ақ кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған. Қадырғали Жалайыри тұтқында отырып жазған “Жылнамалар жинағы” еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, қамқорлық жасауын өтінеді. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, қалалары мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Қазақ хандығының ішкі - сыртқы жағдайы, заң ережелері туралы ғылыми құнды деректер берілген.
Конспект сұрақтар
1. Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөніндегі құнды шығарма:
2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы:
3. Мұхаммед Хайдар Дулати мына тілдерді жетік білген:
4. “Шыңғыснама” еңбегінде баяндалатын дерек:
5. “Тарих - и - Абул хайр - хани” еңбегін жазды:
6. 16 - 17 ғасырлардағы қазақ - моғол қатынастарының тарихы баяндалған шығарма:
7. Əбілғазы Баһадүр жақсы меңгерген өнер:
8. “Түрік шежіресі” еңбегі жазылды:
9. 1643 жылы Әбілғазыны хан етіп жариялайды:
10. Әбілғазы бастаған "Түрік шежіресін" жазуды аяқтады:
11. Қадырғали Жалайыридің Орда сарайындағы қызметі:
12. Қадырғали Жалайыридің тұтқында отырып жазған еңбегі:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама