Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қош бол, бастауыш мектеп!
Тақырыбы: Қош бол, бастауыш мектеп!
Мақсаты: Оқушылардың төрт жылда қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп өнер - білімдерін бағалау.
Көрнекіліктер: «Қош бол, бастауыш мектеп» деген жазуы бар перде, шарлар, күнбағыс.
Барысы:
Әуен ойналып тұрады. Дауыс: Дүниеде таңғажайып кереметтер жоқ делінеді, шыңдығын айта келе, ондайлар баршылық, тіпті олар біздің өмірімізде күнделікті кездеседі. Таңғажайып керемет – бұл біздің балаларымыз. Олар гүлдер сияқты, әр жерде бола береді. Сонымен қатар өміріміздің сәнін мен мәнін келтіріп тұрады. Иә, бұған кім келіспейді?
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар! Бүгін міне, осыдан 4 жыл бұрын кішкентай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз, 4 жылдық білімді игеріп, бастауыш мектеппен қоштасқалы отыр. Бұл да бір мереке, қуаныш. Бүгінгі біздің мерекелік жиынымыз ерекше болмақ. Өйткені 4 сыныптың мұғалімдері керемет бір гүл өсіріпті. Ұстаздардың қамқорқылығымен, жылулығымен өскен бұл гүл бүгін алғашқы дәнін беріп тұр. (Үлкен күнбағыс)
Ал енді бастауыш сынып бітірушілерімізді ортаға шақырайық. Бақтың дәл ортасындағы осы күнбағыс 4 сынып деп аталады. Ал оның дәндері балалар сендерсіңдер. Бүгін сендер мектептін бастауыш сатысын аяқтағалы отырсыңдар, яғни 5 сыныпқа көшуге дайынсыңдар дегені.
Әділет: Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың,
Ерсана: Тоқта, қазір бұл өлең өзгерген. Оны былай айту керек.
Мектебің мынау класың,
Осыңда тоғыз жыл тұрасың:
Төрт жыл бергі кабинетте,
Бес жыл арғы кабинетте
Білім алып шығасың.
Ерасыл: Дұрыс айтасың, міне бүгін біз 4 жыл оқып бастауышты бітірсек, ағаларымыз 9 оқып мектеп бітіріп жатыр.
Камила: Ұлдар, осы сендердің 1 - ші сыныпқа келгендерің естеріңде ме?
Хормен: Иә, естерімізде.
Ерасыл: Мені әжем қолымнан жетектеп сыныпқа кіргенде алдымнан Нұрғайын мұғалім күлімдеп « О, менің оқушым келді ғой!» деп қарсы алған.
Әділет: Біз қолыиызға қалам ұстай алмай, әріп танымай келіп едік. Мұғалім бізге бәрін үйретті.
Назира: Балалар, біз бүгін бастауышпен қоштасу мерекесіне келдік емес пе?
Хормен: Иә, солай.
Камила: Олай болса бастайық.
Хормен: Армысыздар ұстаздар, Қайырлы күн қонақтар, Ата - аналар, оқушылар. Бүгінгі мереке құтты болсын! Ән - бимен бастау.
Әділет: Төгіліп шуақ нұрын сәуле шашқан,
Ғаламат болашаққа құшқан ашқан.
Білімнің таусылмайтын бұлақ көзі
Қызықты, шежірелі нұрлы дастан.
Ерасыл: Сарқылмас шәкірттерге білім қүйган,
Салт - дәстүр бойымызға қуат жиған
Сүйікті асыл мектеп - білім ордам,
Ән болып көңілдерге шарықтаған.
Назира: Кеше ғана келіп едік саяңа,
Қарсы алды мектебім аялай
Бастауышпен қоштасатын күн келді
Ақ ордамыз күндей ана, ай ана.
Камила: Саяңда білмнің таңы атқан,
Талаптан деп едің қанаттан.
Мектебім, толқыған дариям
Далама мың бұлақ таратқан.
Ерсана: Қарыздар ғой, саған әркім
Сен өмірдің көктемі
Абзал жанды адамдардың
Ардақ тұтқан мектебі.
Ән орындалады. Камила.
Ерсана: Білімнің нәрімен сусындатқан
Ұстазым ұлы тұлға дара тұнған.
А әрпінен бастатып әліппені
Өмірді бастап бердің өз қанатыңнан.
Камила: Ұстазым, алғашқы ұстазым,
Жақынсын, анасың, данасың
Оқушың биіктең көрінсе,
Марқайып өсіп қаласың.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қара су ауылы
С. Сейфуллин атындағы жалпы негізгі білім беретін мектеп
Минуарова Айдана – бастауыш сынып мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама