Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Абай Құнанбаев
Сабақтың тақырыбы: Абай
Сынып сағатының мақсаты: Бастауыш сыныптарда өтілетін Абай шығармаларын пайдалана отырып, мазмұнын жете түсініп, одан үлгі - өнеге алуға баулу. Абай атаның балалық шағындағы білім мен ғылымға деген құштарлығын үлгі ету, одан өнеге алуға үйрету, қызығушылығын ояту. Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, достық, жақсылық, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыру.
Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын айту.
- Бүгін сендермен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы сөз қозғаймыз. Ол 1845 жылы тамыз айында кәзіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Шыңғыстау маңындағы Қасқабұлақ деп аталатын көркем қоныстағы сәулетті ауылда дүниеге келеді. Ел молдасы азан айтып баланың құлағына үш рет айқайлап атын Ибрахим қойды.

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» - деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, -

38 - сөз – Арай
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Сонан қашпақ керек; әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық деп білесің.
Надандық - білім ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені біліп болмайды.
Білімсіздік - Хайуандық болады
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адамның баласының дұшпаны, Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

Сұрақтар.
1. Жақсы адам қандай болады? Демек, адам баласының адамгершілігі қандай болғанда көрінеді?(қамқоршы, ақылшы, батыр, ер тұлғалы)
Осы тұста ұлы Абайдың ақыл сөзімен қорытып өтсем:
«Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!» – деп,
Абай аталарың айтып кеткен еді, сондықтан адам баласына тек жақсылық жасап, әділдік көрсету керек.
«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы.
1. Жаман – бұзар, жақсы – түзер.
2. Адам болатын бала алысқа қарайды.
3. Сыйласаң, сыйымды боларсың.
4. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.
6. Су ішкен құдығыңа түкірме.
7. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.
8. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.
9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.
10. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.
11. Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.
12. «Сіз» – сыпайылық, «сен» деген анайылық.
Мақал - мәтел жеңімпазын анықтау.

Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?
Ұлы ақын өзі ерекше сүйіп, құмарта оқыған шығармаларды қазақша сөйлетуге мақсатты түрде, терең ойластырып кіріскен әрі зор құштарлықпен аударған аудармашы. Абайдың аудармашылық өнері кейінгілер үшін баға жетпес шеберлік мектебі болып қалды. Осындай аудармаларының бірі «Шегіртке мен құмырсқа»
Бұл мысалдағы кейіпкерлер шегіртке мен құмырсқа бейнесінде көрсетеді. Адамның жақсы - жаман іс - қылығын, мінезін көрсетіп, оқырманға сабақ қылады.
Жаз бойы жапырақтың бірін тамақ, бірін үй қылып, ән - думанмен өткізген шегірткенің күз болғанда күйі кетеді, жанын қоярға жер таппай қор болады.

Абай ата өмірінің соңғы он шақты жылында толғандырған мәселелер жайындағы ойларын қара сөзбен қағазға түсіріп, отыруды дағдыға айналдырады.
Неше қара сөзі бар?
- Дұрыс айтасыңдар ұзын саны - 45 көлемдері шағын, бір бетке толмайтындары да бар. Оларда өмірдің мәні, адамның адалдығы, білім, тәрбие, еңбек, өнер дін, имандылық т. б. Жайында сабақ береді. Ендеше, бабамыздың « Қара сөздеріне» құлақ салайық.

Нақыл сөздер айту
(Оқушылар кезекпен)
1. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез
2. Адам баласына, адам баласының бәрі дос.
3. Досыңа достық қарыз іс.
4. Дұшпаныңа әділ бол.
5. Адал еңбекпен мал іздемек ол арлы адамның ісі.
6. Еңбексіз мал дәметпек - қайыршылық.
7. Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
8. Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол.
9. Пайда ойлама ар ойла.

Ойын: «Мен қандаймын?»
Гүлге жазу. Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру. Қорытынды.
Мұғалім сөзі.
Сұрақтар:
1. Адамгершілігі мол адам деп кімді айтамыз?
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық?
Адамгершілікті, әдепті болыңдар.
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама