- 05 нау. 2024 00:05
- 297
Абай Құнанбаев "Қыс"
Тақырыбы : Абай Құнанбаев. Қыс.
Мақсаты : 1. Абай Құнанбаевтың өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, шырша бейнесі.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, қатармен жұмыс, ой қозғау, сөздік.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін. Күліп шықты күніміз, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Бәріміз күндей жарқырайық, бәріміз тату дос болайық!
- Балалар біз қандай тарауды аяқтадық? (Ата-бабам тарихы – менің тарихым)
- Бұл тарауда тақырыптар не жайында жазылған? (Батырлар)
- Қандай оқиғаларды қамтиды? (жоңғар шапқыншылығы, Ұлы Отан соғысы,
- Желтоқсан оқиғасы, аштық, репрессия жылдары )
Ал, енді балалар мына бір жұмбақтарды шешіп көрейік:
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
(қар) 2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
(аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты –ақ.
(мұз)
4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.
(боран)
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Жыл мезгілдерін ата.
- Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?
(Балалар өздеріне ұнайтын жыл мезгілдері туралы, неге ұнайтыны туралы әңгімелейді. )
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жақсы балалар, олай болса бүгінгі жаңа тарауымыз «Туған жерге қыс келді». Сол тараудың бірі тақырыбы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. 1. Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың көптеген шығармалары бар. Ол өз шығармаларында жастарды өнер-білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
2. Өлеңді мұғалім оқып түсіндіреді.
3. Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан. - Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
4. Өз бетінше, тізбектей оқу.
5. Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
6. Дәптермен жұмыс. Қиын сөздерді дәптерге талдауымен қоса жазып алу.
7. Ұйқасын тап
Ойнайық деп...Ойнайық деп балаға,
Қыс шақырып...Қыс шақырып тұрғандай.
Борандатқан ....Борандатқан табиғат,
Далаға ән...Далаға ән салғандай.
8. Топтастыру
9. Қатармен жұмыс
1 – қатар: Қысқы еңбек 2 – қатар: Қысқы ойын 3 – қатар: Қысқы мерекелер
IV. Бекіту 1. Автор қысты кімге теңейді? 2. Шалдың киімдері қандай? 3. Киім деп отырғаны не? 4. Малшы туралы не делінген? 5. Балалар туралы не делінген? 6. Қыс несімен көңілді?
- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі ызғарлы суық қана емес көңілді де, қызықты екен. Ал қане сол қысты көңілді ету сендердің қолдарыңда.
V. Қорытынды.
- Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?
- Авторы кім?
- Оның тағы қандай өлеңдері бар жыл мезгіліне арналған, үзінді атып жіберейік?
- Жыл мезгілдерінен басқа тағы қандай өлеңдерін бар
VI. Бағалау.
Мұғалім бағалайды,
VII. Үйге тапсырмаҚыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу.