Алматыда 23 қарашадан бастап Алма-Арасан көшесінің экопосттан «Нұрбота» дүкеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Себебі — тас құлау қаупі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, шектеу бір айға созылады. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тас құлауын болдырмау жұмыстарына байланысты.

«Бұл учаскеде жартас топырағының опырылуы және диаметрі 2,5 метрге дейінгі ірі тастардың құлауы тіркелді. Бұл жүргізушілерге, тұрғындарға және жақын маңдағы инженерлік коммуникацияларға қауіп төндіреді», — делінген хабарламада.

Ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мамандар қауіпті тастарды бақылаумен түсіріп, алып тастайды, сондай-ақ беткейді нығайту жұмыстарын жүргізеді.

«Жұмыстарды ұйымдастыру кезінде тұрғындар мен жүргізушілерге туындайтын қолайсыздықты барынша азайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Мүмкіндігінше жұмыстар демалыс күндері жол қозғалысына қосымша жүктеме түсірмейтіндей етіп жоспарланады. Жолды уақытша жабу жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін қажет», — деп қосты әкімдікте.

Жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.